ЕЛДІҢ АТЫН ЕР ШЫҒАРАДЫ
Жалағаш ауданының кешегі мен бүгінін парақтар болсақ қоғам қайраткерлері, еңбек ерлері мен ақ күріштен тау тұрғызған нар тұлғалар жетерлік. Терең тарихтан кемел келешекке бет алған өңірдің дамуына зор үлесін қосып, өңірді өркендету жолында игі істерді атқарған азаматтар аз болмаған. «Елдің атын ер шығарады» демекші, Жалағаш ауданы десе талай игі істің басында жүрген Әліби Бекжановтың есімі еріксіз еске оралады.
Сыр өңіріндегі Жалағаш ауданы аймақты ауыл шаруашылығы саласымен қамтып отырған аудан. Бүгінде осы киелі мекенде қайырымдылық пен мәрттіктің ерен үлгісін көрсетіп жүрген кәсіп иелері жетерлік. Соның бірі де бірегейі, кәсіпкер әрі аудандық мәслихат депутаты - Әліби Бекжанов. Табысты кәсіпкер «Ер-Әлі» ЖШС-нің негізін қалаушы. Ауданымыздың арда азаматы жайлы БАҚ өкілдері талай өз еңбегіне арқау еткен-ді. Еңбекпен есейген әулеттің перзенті ауыл шаруашылығы саласында маңдай терін төгіп жүргеніне 15 жылдан аса уақыт өткен. Тәуелсіздік жылдарынан бері ауыл шаруашылығы саласының қыр-сырын меңгеріп, шаруасын дөңгелетіп отырған Әліби Бақытбекұлы еңбектің жемісі қажырлы қайраттың арқасында келетіндігін айтады. Бүгінде «Ер-Әлі» шаруа қожалығында 60-тан аса азаматты жұмыспен қамтып отыр.
Іскерліктің жарқын үлгісін танытып, аймақ экономикасына зор үлесін қосып келе жатқан Әліби Бақытбекұлы 2000 жылдан бастап аудан және облыс әкімінің марапатына ие болып келеді. Атап айтар болсақ, мемлекеттік 2003-2005 «Ауыл жылдары» бағдарламасы аясында 2005 жылы астық молшылығы мен халықтың әл-ауқатын арттыруға атсалысқаны үшін облыс әкімі И.Адырбековтың «Алғыс хатымен» марапатталса, 2008 жылдың қорытындысымен І орынды «Ер-Әлі» шаруа қожалағының өндірістік бригадирі ретінде иеленген. Ал 2011 жылы аудан әкімі С.Сермағанбетов белгілі кәсіп иесіне жыл қорытындысы бойынша ауданның әлеуметтік дамуына үлес қосушы «Белсенді меценат» номинациясын тағайындаған. Сондай-ақ, ҚР Президентінің Жарлығымен «ҚР Тәуелсіздігіне – 20 жыл» мерекелік медалімен, 2014 жылы ҚР Президентінің «Құрмет» орденімен, ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің «Алғыс хатымен» марапатталған.
Қазіргі таңда ауылшаруашылығы саласында табанды еңбек етіп келе жатқан ол ауыл халқының әлеуметтік жағдайын жақсартуды жүйелі түрде қолға алған. Соның бір айғағы, жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында Ә.Оңалбаев атындағы №117 орта мектебінің спорттық жаттығу залын ашып, шаруашылық атынан құны 1,0 млн теңгеге жаттығу құрылғыларын және ауылдық мәдениет үйінің көрермендер залына 220 орындық тарту еткен. Сонымен қатар, тұрмысы төмен 1 отбасының баласын жоғарғы оқу орнына түсіріп, 4 жылдық оқу ақысын толық қамтыған.
«Ер жолдасы – тәуекел» демекші еңбегі мен маңдай терін туған өлкесін көркейтуге жұмсап жүрген азаматтың есімі ауданға ғана емес, облысымызға белгілі. Қазақта «Ер елі үшін туады» деген тәмсіл бар. Тәуелсіз ел енді ғана еңсесін тіктеген, алай-бұлай кезеңде жүрексінбей білек сыбана іске кіріскен азаматтың әрбір ісі мақтауға тұрарлық. Ол ізгі мейірімі мен дархан пейілінің арқасында ауданның арда азаматы, «Құрмет» орденінің иегері атанған. Әр шаңырақтың несібесін молайтып, берекелі ауылдың әрбір игі ісіне қол ұшын беріп жүрген азамат ең бір сауапты істердің басында жүр. Олай дейтін себебіміз, Ә.Бекжанов Мақпалкөл ауылындағы күрмеуі қиын мәселенің бірі оңтүстік коллекторға ұзындығы 45 метр, ені 6 метр болатын көпір салып, елдің ақ батасын алған.
Жайна ЖҰМАБАЙҚЫЗЫ