БОЛАШАҚТЫҢ ТЕМІРҚАЗЫҒЫ
Қазақстанды асқар асуларға бет алған керуен десек, ал әсем Астана оның адастырмас темірқазығы іспетті. Сайын дала төріндегі жаңа қала бүгінде Елорда мәртебесіне орай «Астана» деп арайландырылып, ерке Есілдің жағасында еңсесін тіктеп келеді. Астанамызды әйгілі ету дербестігімізді тағы бір мәрте дәлелдеуімізбен тең. «Қазақ» деген қайсар халықтың атын әлемге танытуда Елорданың орны ерекше.
Ажары күн өткен сайын нұрлана түскен қаланың келген қонақтарды тәнті ететін қарқынға жетуі Ұлт Көшбасшысының ерен еңбегінің нәтижесі деп бағалаған жөн. Алатаудың баурайынан қоныс аударып, Арқа төсінен орын тепкен ару қала қазіргі заман ғажабынан туындады. Елбасының «Астананың өркендеуі – Қазақстанның өркендеуі» деген қанатты сөзін өздеріне қағида етіп ұстаған жасампаз күш иелері қаламыздың көркін одан әрі ажарландыра түсуде.
Сарыарқаның сағым даласын сән-салтанатқа бөлеген Астана қаласының тойы барша қазақ елінің ұлық мерекесі. Аталмыш мереке күндерін аралдықтар да лайықты табыстармен қарсы алып, мереке мәртебесін асқақтата түсуде. Үстіміздегі жылы бірқатар әлеуметтік нысандар салынады, салынып та жатыр. Ең бастысы – Кіші Арал теңізінің екінші кезеңі басталады деп күтілуде. Соның бәрі ауызбірліктің, ұйымдаса тер төгудің нәтижесінде жүзеге асатын болады.
Байтақ даланың төскейіндегі ертіс жағасынан Сарыарқа мен Есілдің төл сәбиіндей еңселі қалаға деген сүйіспеншілігіміз бен болашаққа деген сеніміміз арта бергей.
Кішкене АЙБОСЫНОВ,
Арал аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы