КҮНӘЛАРДЫҢ ҚОҒАМҒА ЗИЯНЫ
Ислам діні – таза сенім діні. Әрбір дүниеге келген адамның бойында дінге, рухани тазалыққа, тылсым күшке сену сезімі болады.
Жеке тұлғалық және қоғамда белең алған үлкен және кіші күнәлардың көріністерінің Ислам шариғатындағы орны мен оның үкімдері қазіргі таңда, өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Себебі кейінгі кездері қоғамымызда белең алған жұбайлардың тіл табыса алмауы, бақсы-балгерлердің көзбояушылықтары, некесіз төсек қатынастары, ұрлық, зорлық-зомбылық, балалардың ата-анасына деген құрметі азайып мойынсынбауы, жеңіл-желпі қылмыстардың көбейуі осының барлығы Алла Тағала тарапынан тыйым салынып, құқықтық негізде шариғаттың бұлтартпас дәлелдерімен жауапкершілік жазаларын дұрыс пайдаланбауы яки сауатсыздықтың салдарынан туындап жатқаны мәлім.
Адам баласының бүкіл өмірі – Алла Тағалаға ғибадат жасаудан, әртүрлі қиын сынақтардан тұрады. Ғибадаттарымызды толық орындап, сынақтарға сабырлық танытып, шайтан мен нәпсінің азғыруына ермей, хақ жолымен жүрсек, екі дүниенің де бақытына бөленеміз. Бұл туралы Құранда: «Кім Аллаға және Елшісіне бой ұсынса, шынында, ұлы табысқа жетеді», «Ал кім Аллаға, Елшісіне қарсы келсе, ол анық адасқан болады, «Адамдар «иман келтірдік», – десек болды, сыналмаймыз» деп ойлай ма екен? Шындығында біз олардан бұрынғыларды да сынаған едік», – делінген.
Ислам дінінің ғұламалары күнә (араб тілінде «маъсия» немесе «харам» – тыйым салынған»,-деп, пенде істесе жазаға тартылатын істі айтады. Алланың хақ жолынан адасу күнәлі іс істеуден басталады.
Адамның ақыл-ойын шайтани және нәпси сипаттар құрсаулайды да, күнә жасауға итермелейді. Күнә тек дене мүшелерімен ғана емес, жаман оймен де жасалады.
Күпірлік, екіжүзділік сияқты сипаттар жүрегіне орнығады. Адам баласының әpбip ісінің eceбi бар. Ендеше біліп-білмей icтеген күнә-қателіктердің де, егер дер кезінде тәубе жасап отырмаса, жауапқа тартылатыны анық.
Күнә жасау – удың денеге тигізетін зиянындай зарар береді. Оның зарары аз-көптігіне байланысты. Бұл дүниеде, не ақыретте себебін біздерге тигізетіні анық. Бұл туралы Имам Ахмадтың Муснад кітабында Умму Сәләмадан (р.а) мынадай хадис жеткізілді: Расулалла (с.ғ.с.) былай деген: «Үмметімде күнә-қателіктер жайылғанда Алла Тағала азабын олардың барлығына бірдей жібереді». Сәубаннан (р.а) жеткізілген хадисте Расулалла (с.ғ.с.) былай деген: «Пенде өзінің істеген күнәсінің кесірінен келіп тұрған ризығынан да құр қалады», – деген.
Хузайфа (р.а) айтады: «Пенде күнә жасаған сайын оның жүрегіне қара дақтар түсе береді, ақырында жүрегі қоңыр тоқтының түсіндей өзгереді». Сондықтан Алла Тағала тыйым салып, харам еткен күнәләрдан сақтануымыз қажет. Өйткені бұлардың жазасы – тозақ оты. Ең бастысы Алла Тағалаға ортақ қосу, яғни Алла Тағалаға басқа нәрсені теңеу – кешірілмейтін үлкен күнә.
Күнәлардың үлкені – ата-анаға тіл тигізу. «Адам ата-анасына тіл тигізуі мүмкін бе?» - деп сұрайтын болсақ, көпшілік бұл сұрақты орынсыз көретіні белгілі. Бірақ адам баласы кейде байқамастан өз ата-анасын балағаттап қоюы мүмкін.
Пайғамбарымыз (с.ғ.с) бір күні сахабаларына: «Кісінің өз әке-шешесін балағаттауы – үлкен күнә», - деді.Сахабалар таң қалып: «Адам өз ата-анасын балағаттай ма екен?» - деп сұрады. «Иә, кісі егер басқа адамның әкесін балағаттаса, әлгі адам да ашуланып оның әкесін балағаттайды. Біреудің анасын балағаттаса, ол да әлгі кісінің анасын балағаттайды» деген.
Ата-анаға қарсы шығу мен туысқандармен байланысты үзу де Алла тағалаға серік қосу, адам өлтіру, зина жасау секілді адамдық қасиеттерге жат күнәлармен қатар айтылады. Кісі өлтірген адам Алла тағаланың мейірімінен мақұрым қалатыны секілді, ата-анасына қарсы шығып, оларға құрмет көрсетпеген перзент те Алла тағаланың рақымы мен мейірімінен мақұрым қалады.
Күнәлі әрекеттерді адамның ішінен жегідей жейтін құртпен теңесе болады. Негізінде бұлар шынайы ауруға ұласып кетуі де ғажап емес. Сондықтан адам бұл жүрек ауруларынан тезірек құтылу жолдарын қарастырған жөн болады.Күнделікті өмірде адам мұндай әлсіздіктерге барып қойып жатқанында кейде байқамай да қалып жатады.
Бұл нәрсені Алла тағала адам баласын әлсіз етіп жаратқандығымен түсіндіруге болады.
Мысалы пенде бір нәрсеге қол жеткізсе паңданып, кеудесін керіп, кезінде қызығын бөлісіп жүрген адамдарғада мұрынын шүйіруі ықтимал. Немесе жанында құрдасы бір жетістіктерге жетіп жатса көре алмаушылықтан қастандық жасауыда мүмкін.
Сондықтан адам өзінің ойын әрдайым таза ұстап, мұндай жаман қылықтардан өзін тежей білгені абзал. Анығы тек бір Алла Тағалаға мәлім.
Бақыт Улжаев
Орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің найб имамы