СОТ АРҚЫЛЫ ТИІМДІ ҚОРҒАНУ КЕПІЛІ
Азаматтық процестік кодекс - «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында көзделген бірқатар шараларды жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Оның шеңберінде бес сатылы сот жүйесінен үш сатылы сот жүйесіне көшу, азаматтық-құқықтық даулар бойынша сот істерін қарауға прокурордың қатысуын қысқарту, барлық сот процестеріне дыбыс-бейне тіркеу құралдарын енгізу, инвестициялық дауларды қараудың жаңа тәртібін қалыптастыру туралы нормалар енгізілген. Сонымен қатар, сот әділдігін дамытуға ықпал ететін медиация институтын одан әрі жетілдіру, соттардың жүктемесін азайту қарастырылған. Нақтырақ тоқталар болсақ, қорғаушылар енді баяғының билері секілді судья, медиаторлармен бірге тараптардың татуласуына да ат салысады. Осыған дейін кодексте мұндай ерекшелік болмаған.
Азаматтық процестік кодекстегі жаңашылдықтың бірі –татуласу рәсімдері. Дауды медиация тәртібімен реттеу, яғни, талап бойынша тараптар сот кеңесу бөлмесіне кеткенге дейін бірінші, апелляциялық, кассациялық сатылардағы соттарда дауды медиация тәртібімен реттеу туралы өтінішхат беруге құқылы. Кодексте тараптардың дауды бітімгершілікпен, медиация тәртібімен немесе партисипатив¬тік рәсімдер тәртібімен реттеп, шешуі қарастырылған. Сот тарап-тардың татуласуы үшін шаралар қолданады, дауды процестің барлық сатыларында реттеуде оларға жәрдемдеседі. Тараптар татуласу келісімін, дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді немесе дауды партисипативтік рәсімдер тәртібімен реттеу туралы келісімді жасап не осы Кодексте белгіленген тәртіппен өзге де тә¬сіл¬дерді пайдалана отырып, дау¬ды өзара талаптардың толық көле¬мінде не бір бөлігінде реттей алады
Кодекстегі тағы бір жаңалық, жеке азаматтар, жеке субъектілер арасында туындаған дауға мемлекеттің араласпауы ескеріліп, азаматтық істерге прокурорлардың қатысуын міндеттемеу нормалары енді. Сондай-ақ, инвестициялық дауларды қараудың, жекеменшік институтын нығайтудың жаңа тәртіптері бекітіліп, сот жүргізу ісінде ақпараттық технологияларды кеңінен қолдануға жол ашылды. Еліміздегі сот мәжілісі залдарының бәрі шалғайлығына қарамастан, бейне және дыбыс жазбалармен толықтай қамтамасыз етілуде. Заңдағы тағы бір жетістік қажетсіз құжаттар мен артық бюрократия азайды. Мысалы кейбір істер бойынша сот отырысын өткізу қажеттілігі кемиді. Бүгінде барлық құжаттарымен дәлелденіп тұрса да, сот отырысын өткізу талап етіледі. Ал, жаңа кодексте кейбір даулардың алдымен соттан тыс жерлерде қаралуы, яғни сотқа дейін реттелу шаралары көзделген.
Азаматтық процестік кодекс азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы тиімді қорғанудың кепілі. Демек, өзгерістерге сәйкес, сот ісіне жаңа технологиялардың дендеп енуі, оның ішінде, хаттаманың электронды түрде жүргізілуі, тараптарды сотқа СМС хабарлама арқылы шақыру, аудио-бейне жазба қолдану заңдылықтары азаматтар сенімінің артуына оң ықпалын тигізеді.
Азаматтық процестік кодекс нормаларының барлығы сот қорғауының тиімділігін арттыруға бағытталған.
Сауле УТЕГЕНОВА –
Қызылорда қаласының
мамандандырылған
әкімшілік сотының судьясы