ҚАЗАЛЫ АУДАНЫНДА ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ
Халқымыздың қанына сіңген асыл қасиеттерінің бірі – жабырқағанжандарға жақсылық жасап, қамқорлық көрсету болып табылады. Қоғамдағы әлжуаз әлеуметтік топтардың ахуалын жақсарту Елбасымыздың алға қойып отырған басты бағыттарының бірі болып саналады.
Мемлекет басшысының биылғы «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты халыққа Жолдауында халықтың әл-ауқатын арттырудың жаңа міндеттерін белгіледі.
Биылғы жылғы қайырымдылық акциясы Халықаралық Мүгедектер күні қарсаңында өткізіліп отыр.
Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылғы15 маусымдағы №1224 «Қазақстан Республикасында Мүгедектер күнін белгілеу туралы» Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Мүгедектер күні қазан айының екінші жексенбісі болып бекітілген.
Ауданда Ұлы Отан соғысының ардагерлерін, қарастығы жоқ жалғызбасты зейнеткерлер мен мүгедектерді, көп балалы аналарды, мүмкіндігі шектеулі кемтар балаларды, соғыс жылдарында тылда еңбек еткен азаматтарды әлеуметтік қорғау, көмек көрсету, медициналық, әлеуметтік және кәсіптік оңалту, қайта даярлау бағытында республикалық және жергілікті бюджеттерден осы мақсаттарға 2014 жылы барлығы 97832,3 мың теңге қаржы жұмсалуда.
Қазақстан Республикасының «Мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңы негізінде мүгедектердің жеке оңалту бағдарламасына сәйкес 176 мүгедек тифломагнитолламен, кресло-арбамен, арнаулы таяқпен, сағатпен, протезбен қамтамасыз етілді.
Сондай-ақ, 67 мүмкіндігі шектеулі жандар Жаңақорған, Шымкент, Таразшипажайларына тегін жолдамалар берілсе,57 ардагерлер мен көп балалы Батыр аналар Сарыағаш, Мерке, Жаңақорған, Көкшетау шипажайларында және жылдағы дәстүр бойынша 50 ардагеріміз «Шағала» сауықтыру орталығында тегін дем алды.
Ауданда 162 жалғызбасты қарастығы жоқ зейнеткерлер мен мүгедектерге, 164 мүмкіндігі шектеулі кемтар балаларға үйде әлеуметтік қызмет көрсетілуде.
Үйден оқитын және тәрбиеленетін 66 балаға 1768,0 мың теңге әлеуметтік көмек тағайындалып, төленді. Сондай-ақ, жүріп-тұруы қиын 69 бірінші топ мүгедектеріне 58 жеке көмекшілер берілсе, 12 естуі бойынша мүгедекке 1 ымдау тілі маманы жұмыс жүргізеді.
Жұмыс іздеуші ретінде тіркеуде тұрған мүмкіндігі шектеулі жандардың 27-і тұрақты жұмысқа орналасты, 41-і ақылы қоғамдық жұмысқа, 4-і жастар тәжірибесінен өтуге жіберілсе, 6 мүгедек шағын несие алды.
Қызылорда қаласындағы Талсуат елді мекенінде орналасқан мүгедектерге арналған оңалту орталығы мемлекеттік мекемесінде 64 мүмкіндігі шектеулі жан дем алды.
Биылғы жылы аудандық бюджеттен бөлінген 3,0 млн теңге қаржыға сәйкес «Аудандық мүгедектер қоғамы» арқылы, мүмкіндігі шектеулі жандардың қатысуымен өткізілетін әртүрлі мерекелік іс-шараларда қатысушыларға сый-сияпаттар жасалып, әлеуметтік қолдау көрсетілуде.
Шілде айында Әйтеке би кентіндегі «Жалаңтөс Баһадүр» атындағы стадионда мүмкіндігі шектеулі ересектер және жасөспірімдер арасында 6 спорт түрінен аудандық біріншілік спартакиада болып өтті.
Сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі жандар арасында «Бәріміз бірдейміз» атты аудандық көркемөнерпаздар байқауы өткізілді. Оған өнерлі мүмкіндігі шектеулі жандар қатысты.
Мүмкіндігі шектеулі азаматтарды тасымалдау үшін «Инватакси» қызметін көрсетуге бюджеттен 1888,0 мың теңге қаржы бөлінді.
Осы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында соңғы 3 айда «Инватакси» қызметін 168 мүмкіндігі шектеулі жандар пайдаланды.
Биыл бірінші рет аудан орталығында мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған «Аула клубын» аштық.Оған тиісті құрал-жабдықтар алуға аудандық бюджеттен 1031,0 мың теңге қаржы қаралды. «Аула клубына» мүмкіндігі шектеулі жандардың келіп, газет-журналдар оқып, «Отау-ТВ» телеарнасы орнатылған теледидарды тамашалауға, интернет жүйесі арқылы компьютерді пайдалануға, шахмат-шашка, тоғызқұмалақ ойындарын ойнап, демалуларына барлық жағдай жасалған.
Келесі жылға осындай «Аула клубы» 5-ші мөлтек ауданы және Қазалы қаласында ашу жоспарда бар.
2014 жылы облыстық бюджеттен бөлінген 1051,1 мың теңге қаржыға «Ырыс болашақ» және «Орын-ай» базарлары орналасқан көшеге 4 дана, Әйтеке би мен Счастнов көшелерінің қиылысына8 дана, Жанқожа көшесіндегі аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі орналасқан ғимараттың алдына 2 дана, барлығы 14 дана жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылса, Әйтеке би көшесіндегі «Ырыс-болашақ» және «Орын-ай» базарлары орналасқан көшеге2синхронды-дыбысты-анимациялық қондырғы орналастырылды.
Жыл сайын ауданда әлеуметтік қолдауға мұқтаж жандарға, қайырымдылық көмек көрсету үшін іс-шаралар жоспары жасалып, оларға меншік нысанына қарамастан кәсіпорындар мен мекеме басшылары, жеке кәсіпкерлер қайырымдылық көмектер көрсетуде.
«Бүгінгі өткізіліп отырған «Жүрек жылуы» қайырымдылық акциясы аясында мекемелер мен кәсіпорындар басшылары, жеке кәсіпкерлер көмекке мұқтаж азаматтарға демеушілік жасап, қол ұшын беруде. Қайырымдылық акциясына қатысып, әлеуметтік қолдауды қажет ететін азаматтарға жанашырлықпен көмектескен азаматтарға ризашылықпен алғыс білдіремін.Алдағы уақытта да әлеуметтік қолдауға мұқтаж аз қамтамасыз етілген, тұрмысы төмен отбасылары мен мүгедектерге, жалғызбасты қарастығы жоқ зейнеткерлерге қамқорлық жасау біздің назарымыздан тыс қалмайды және көмек беруге қолда бар мүмкіндіктердің бәрі жасалатын болады» - деп Қазалы ауданының әкімі Бахыт Жахановөз лебізін білдірді.