БАСТЫ НАЗАРДА – БАҚ-ПЕН БАЙЛАНЫС
Құқықтық мемлекет құруға бағытталған нық қадамдардың бірі сот қызметінің ашықтығы мен жариялылығына келіп тіреледі. Қоғамның даму кезеңінде бұқаралық ақпарат құралдары санаға зор ықпал жасап қана қоймайды, сонымен қатар, халықтың сот саласына деген сеніміне ықпал жасайды.
Қызылорда облысы соттарында сот әділдігін жүзеге асыру бағытында атқарылған жұмыстарын ашық көрсету үшін сот органдары мен жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері арасында тығыз қарым-қатынас орнаған. Сот жүйесінің қызметін объективті жария ету және іс жүргізу қызметіне байланысты ақпараттарды БАҚ арқылы таратқанда қателіктерді жібермеу үшін соттарда судья-үйлестірушілер мен баспасөз хатшылары бекітілген. Осының нәтижесінде сот төрелігі қызметінің жариялылығын, ашықтығын қамтамасыз ете отырып, ел азаматтарының құқықтарын түсіндіруге бағытталған баспасөз қызметінің жұмысы бүгінгі күні халыққа біршама жақындай түсті.
Сот жүйесінің беделі халықтың оған деген көзқарасы, сенімі арқылы айқындалатындықтан, соттардың жұмысы халық үшін қолжетімді болуы шарт. Соттарда өткізіліп жатқан іс-шаралар көп жағдайда бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен жүзеге асырылып келеді. Осы бағытта соттардың жұмысын бағалап, көтермелеу үшін облыстық сот кеңсесі өткен жылы аудандық және оған теңестірілген соттар арасында «Үздік баспасөз қызметі» байқауын өткізді. Ал, 2014 жылы журналистер арасында «Сот репортеры» шығармашылық конкурсы ұйымдастырылды. Конкурс қорытындысы бойынша арнайы номинациялармен БАҚ өкілдері марапатталды.
Қызылорда облыстық сотының ұйымдастыруымен өткізілген конкурстың мақсаты журналистерді мамандандыруға шақыру. Яғни, құқық тақырыбына қалам тербейтін баспасөз өкілдерінің заңнан хабарының болуы. Себебі, баспасөз қызметіндегілер, журналистер көбіне заң терминдерін дұрыс түсіне бермейді. Соның нәтижесінде баспасөз беттеріне бір жақты пікір қалыптасқан мақалалар жарық көруі де мүмкін. Кейде сот шешімі шықпастан, іс жайлы БАҚ өкілдері тарапынан жаңылысу салдарынан теріс пікір тудыратын телекөрсетілімдер немесе ақпараттар жарияланып жатады. Осы олқылықтардың орын алмауы үшін бүгінгі күні қоғамдық пікір туғызған істің нүктесін қойғаннан кейін, істі қараған судья БАҚ өкілдеріне арнап брифинг, баспасөз конференцияларын дереу өткізуді тұрақты түрде жолға қойды. Жұмыс жүктемесіне қарамастан судьялар тарапынан бұқара халық пен баспасөз өкілдерінің сұраған ақпараттарын толық беру жолға қойылды.
Өйткені, құқық тақырыбына қалам тербеп жүрген журналистер үшін сот процестері нақты, боямасыз ақпарат алатын жер. Сондықтан да журналистердің белгіленген заң аясында рұқсат етілген сот процестеріне кедергісіз қатысуына, қажетті ақпараттарды еркін алуына жағдай туғызу болашақта жазылатын мақаланың кіріспесіне жол ашары даусыз.
Сондай-ақ, бүгінде Қызылорда облыстық соттарында сот төрелігін жүргізу, сот саласына енгізілген жаңа технологиялар, жаңадан қабылданған заңдарға байланысты оң өзгерістерді облыс тұрғындарына дер кезінде жеткізу, сондай-ақ, оқу орталығы ұйымдастыратын дөңгелек үстелдер мен семинар-кеңестерге БАҚ өкілдері кедергісіз қатыстырылады. Бұл шаралардың барлығы халықтың сенімін арттыру үшін жасалынып жатыр.
Алдағы уақытта да өзара түсіністік ахуалында жұмыс жасаудың нәтижесінде құқықтық тақырыпта жазылған мақалалар мен теле-радио бағдарламаларының санымен бірге сапасы да арта түсетіні анық.
С.БАЙМАХАНОВ
Қызылорда облыстық сотының судьясы,
баспасөз қызметінің үйлестірушісі