ГЕНДЕРЛІК САЯСАТ-ӘЛЕУМЕТТІК ҚАТЫНАС
Әлемдегі әрбір мемлекет өзінің Конституциясына сәйкес сыртқы және ішкі саясатпен айналысатыны белгілі. Өзінің атауы айтып отырғандай,сыртқы -шет мемлекеттермен жүргізілетін қарым-қатынас,ал ішкі саясат – мемлекттің тәуелсіздігін нығайтып,жаһандану процесінен қалмай,алға қарай даму үшін қажетті тетіктердің бірі. Қазақстандағы ішкі саясаттың бір құрылымы ретінде «гендерлік саясат» деген ұғым көп айтылып жүр.Ал гендер дегеніміз не?Гендер дегеніміз –ерлер мен әйелдердің мінез құлқын.сондай-ақ олардың арасындағы әлеуметтік өзара қарым-қатынасты айқындайтын,олардың әлеуметтік және мәдени нормалары мен рөлдердің жиынтығы. «GENDER» - сөзі ағылшын тілінен аударғанда жыныс /еркек,әйел/ дегенді білдіреді. Ал. гендерлік саясат – қоғамдық өмірдің барлық салаларында ерлер мен әйелдердің теңдігіне қол жеткізуге бағытталған мемлекеттік және қоғамдық қызмет.
Ұлттық гендерлік саясат еліміздегі демократиялық үрдістердің ең маңызды құрамдас бөлігі.
Тәуелсіздігіміздің алғашқы күндерінен бастап гендерлік теңдік мәселесі Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев ұстанған саясаттың бір басымдығы болып келеді.
1995 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Отбасы,әйелдер және демографиялық саясат істері жөніндегі кеңес жұмыс істеді.Кейін ол Әйелдер істері және отбасылық демографиялық саясат жөніндегі комиссия болып қайта құрылды.
Мемлекет басшысының 2005 жылғы 29 қарашадағы Жарлығының Қазақстан Республикасындағы гендерлік теңдіктің 2006-2016 жылдарға арналған стратегиясы бекітілді. Стратегиялық билік құрылымдарындағы әйелдер мен ерлерді теңестіруді қарастырады.Оларға экономикалық тәуелсіздік үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету ,өз бизнесін дамыту және қызмет бойынша өсу,білім беру саласында гендерлік білімді енгізу,өмір сапасын арттыру және тұрғындардың ұдайы өсімін қамтамасыз ету үшін жасөспірімдермен әйелдердің,ерлердің репродуктивтік денсаулығын нығайтумен сақтау ,жынысына қарай зорлық-зомбылық көрсетпей , отбасындағы міндеттермен құқықтарды тең дәрежеде жүзеге асыру үшін жағдай жасау жатады.
Аталған стратегияны жүзеге асыру мақсатында 2009 жылы Қазақстандық заңнаманы күшейтетін 2 заң қабылданды.2009 жылы 4-ші желтоқсанда «Тұрмыстағы зорлық зомбылықтың алды-алу туралы » заң қабылданды,ол адамдар мен азаматтардың отбасылық – тұрмыстық қатынастары саласындағы заңдық мүдделері мен бостандықтарын, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және жолын кесуде конституциялық құқықтарын қорғауға бағытталған.Қабылданған заң әйелдерге қатысты тұрмыстық зарлық-зомбылықтың алдын алу және жолын кесу жолында шынайы құқықтық жағдай жасады.
2009 жылы 8-ші желтоқсанда ел Президенті «Ерлер мен әйелдердің тең құқықтарының және тең мүмкіндіктерінің мемлекеттік кепілдіктері туралы » Заңға қол қойды.Заң мемлекеттік органдар басшыларына ерлер мен әйелдердің тәжірибелеріне ,қабілеттеріне және кәсіптік даярлықтарына сәйкес мемлекеттік қызметке тең қолжетімділігінің қамтамасыз етілуін ,олардың жергілікті басқару органдарында,сондай ақ мемлекеттік биліктің заңнамалық,атқарушылық және сот тармақтарында тең серіктестік қатынастарының сақталуын міндеттейді.
Бұл заңның жетістіктерінің бірі – ерлермен әйелдердің жынысына қарамай өмірдің саяси,экономикалық,әлеуметтік, қоғамдық және мәдени салаларына тең құқық пен тең мүмкіндік бере отырып , шынайы қолжетімділікті қамтамасыз ететін құқықтық мәртебе ретінде «гендерлік теңдік » ұғымын заңнамалық тұрғыда бектітуі.
Гендерлік тең құқықтық саласындағы мемлекеттік саясат,әйелдердің экономикалық және саяси өмірге қатысуларының кеңеюі, әлемдік қоғамдастықта жоғарғы бағаға ие болды.Қазір Қазақстан гендерлік тен құқықтық бойынша жаһандану рейтингінде 135 елдің арасында 31 орында корініп отыр.
Стратегия – мемлекеттің гендерлік саясатын іске асыруға бағытталған негізгі құжат ,оны іске асырудың және мемлектпен азаматтық қоғам тарапынан оның мониторингін жүзеге асырудың құралы, демократияның қалыптасуының маңызды факторы болып табылады.Осыған орай стратегияның әр бөлімінде БҰҰ Әйелдер қорының өңірлік офисімен бірлесіп әзірленген ,саясатта ,экономикада ,білім беруде,отбасында,денсаулық сактау және әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылықты болдырмау мәселелерінде негдерлік теңдіке қол жеткізу жөнінде көрсеткіштер енгізілген.Гендерлік теңдік стратегиясы 2006-2016 жылдар аралығындағы кезеңде ерлер мен әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерінің теңдігіне қол жеткізу жөніндегі міндеттердің шешілуін көздейтін 9 бөлімнен тұрады.
Гендер ұғымын тек қана әйел теңдігін қорғайтын бағыт немесе оның құқықтарын асыра пйдалануды көздеуге бетбұрыс деп қана түсінуге болмайды.Гендер-тек әйелдің ғана емес,ер адамның да тұлғалық ерекшеліктерін қорғайтын ,ал кемсітушілік болған жағдайда оның да мүддесін сақтауға атсалысатын қоғамдық үдеріс.Егер адамның биологиялық, әлеуметтік саяси ,психологиялық сияқты жан-жақты қырлары бар екенін ескерсек, шындығында ер мен әйел абсолютті тең бола алмайды.Осы тұста тең деген түсінікті кейбір батыстық көзқарастар «бірдей »деген ұғыммен алмастырып алады.Сондықтан олар екі жыныстың биологиялық болмысын да теңестіріп жібереді.
Гендер саласындағы сан қырлы күрделі мәселелерді түсіндіру үшін,оны бір жақты таяз ұғынушылықты жою үшін, ер де , әйел де өзінің құқықтарының тең екендіктерін сезіну үшін жастарға арнайы және жүйелі ұйымдастырылған гендерлік білім беру қажеттіліг туындап отыр.Ол әлемнің көптеген елдерінде зертеліп,нақты іс-шаралар арқылы өз деңгейінде қолға алынуда.Ал біздің еліміздегі гендерлік білім беру тек қана біржақты,шығыстық, діни сияқты парадигмаларға көзсіз еліктемей,тек классикалық негізге сүйене отырып,ұлттық таныс-түсінікті басымдыққа шығаратындай болуы тиіс, яғни, оның өзіндік Қазақстандық нұсқасы болуы керек және ол солай жүргізілуде.
Қазақстан Республикасында Гендерлік теңдік стратегиясын іске асыру әйелдер мен ерлердің өздерінің өмір сүру құқықтарын жынысқа байланысты кемсітусіз іске асыруы үшін жағдай жасауға ықпал ететін болады. Бұл стратегияның берер жемісі алі алда.
Г.АХМЕТОВА,
Қызылорда облысының қылмыстық істері жөніндегі
мамандандырылған ауданаралық сотының бас маман,
сот мәжілісінің хатшысы