НҰРОТАНДЫҚТАР МЕЙІРІМДІ ЖҮРЕКПЕН АКЦИЯСЫН ҰЙЫМДАСТЫРДЫ
Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай "Нұр Отан" партиясы Қызылорда облыстық филиалы "25 қайырымды іс": Мейірімді жүрекпен тақырыбында акция ұйымдастырды.
Акцияға жергілікті филиалдың барлық құрылымдық бөлімшелері қатыстырлып, өңірде әлеуметтік аз қамтамасыз етілген отбасыларға, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға сондай-ақ жалғыз басты қариялар мен көп балалы аналарға жан-жақты көмектер көрсетілді.
Игілікті шараны нұротандықтар қаланың Шанхай мөлтек ауданында тұратын тыл және еңбек ардегері Рабиға Қоянбаеваның отбасынан бастады. Қарт ана жақында 104 жасқа толған болатын. Облыстық партия филиалы төрағасының орынбасары Әділбек Ерсұлтанов бастаған топ, ғасыр ғұмырлы кейуананың хал жағдайын білді. Мерейлі мерекесімен құттықтап арнайы сый-сыйапат жасады.
Қызылорда қаласында ғасыр жасаған 12 жан бар. Олар елді аздырған ашаршылықтың да, сұрапыл соғыстың да куәгерлері. Солардың бірі осы Рабиға Қоянбаева. Қарт ананың балалық шағы ашаршылық және саяси қуғын-сүргін, ал бозбала дәурені сұрапыл соғыс жылдарымен тұспа-тұс келген. Отызыншы жылдардағы зұлматта әкесінен айырылған. Еңбекке ерте араласып отты жылдары әбден қалжыраған халық шаруашылығын қалпына келтіруге зор үлес қосқан.
Әңгіме барысында қарт ана өмірінің сол бір ауыр кезеңдерін есіне алып, "бүгінгі бейбітшілік саясатын ұстанып отырған Елбасыға шынай алғысын білдірді. Сондай-ақ ардагерін ардақтаған нұротандықтарға батасын беріп, өскелең ұрпаққа бейбіт өмір тіледі".
Мұнан соң жетекші партияның өкілдері I-топ мүгедегі Жидебаев Тасболаттың үйіне барып тегін медициналық көмек көрсетті. Әлеуметтік жағдай төмен, мүмкіндігі шектеулі азаматқа жеке гигиеналық заттар мен дәрі-дәрмектер апарды.
"Тасболат 1949 жылы дүниеге келген. Жүрек ищемиясы, қант диабеті, қысымының жоғарылауы секілді бірнеше сырқат түрлерімен 2001 жылдан бері дәрігерлік есепте тұрады. Өздігінен емханаға бара алмайды. Мұндай азаматтар өте көп.Дегенмен улкенге қамқор болу, көмек көрсету бұл азаматтық парыз. Бүгін міне партияның "Ардагерлерді ардақтайық" жобасы аясында Тасболат ағамызға медициналық көмек көрсетіп отырмыз",- деді "Денсаулық" бастауыш партия ұйымының төрағасы, «Теміржол» ауруханасы директоры Сұлтанбек Кенжебаев.
Қалалық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Шәріп Әбдірахманов бастаған келесі топ А.Төлебаев көшесінің тұрғыны тыл ардагері, I-топ мүгедегі Тұрсұнкүл Даутованың отбасына материалдық көмек көрсетті. Әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың жағдайын үнемі назарда ұстаған нұротандықтар бұл отбасын азық -түлікпен қамтамасыз етті.
Облыстық партия филиалының қабылдау бөлімінің меңгерушісі Мақсұт Баекеев пен облыстық маслихат депуттаты Жорабек Нұрымбетов Белкөл кентінің тұрғыны жакында тілсіз жау салдарынан үйі өртеніп, бүгінде уақытша баспанада тұрып жатқан Самат Алпаровқа қарыжылай және азық түлікпен қолдау көрсетті.
Жыл бойы ардагерлердің үй-жайы мен ауласын, мал қорасын тазартып, азық-түлігін жеткізіп беруге көмектесіп келе жатқан Жасотандықтар ата-анасы да, өзі де тағдырдың тауқыметін тартып, мүмкіндігі шектеулі азаматтар қатарына енген Мырзабеков Жорабекттің үйін әктеп, ауласын тазартты. Сонымен бірге аталмыш отбасыға партия тарапынан ыстық тамақ берілді.
Партияның "Тұран" филиалы Ақжарма ауылдық округіндегі №2 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығындағы мүмкіндігі шектеулі балаларға қайырымдылық концертін өткізді.
Халық сеніміне ие болған партияның жергілікті өкілдері осылайша әлеуметік әлсіз топтар мен науқас жандардың көңілін аулап, сауапты іс жасады.