МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ОҢТАЙЛАНУДА
Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі – жаһандық зерттеулер және әлем елдерінің экономикалық бәсекеге қабілеттілік көрсеткіші бойынша онымен қоса жүретін оның рейтингі. Жалпыға бірдей қолжетімді статистикалық мәліметтерге және компаниялар басшыларының жаһандық сауалнама нәтижелеріне – Бүкіләлемдік экономикалық форум әріптес ұйымдар желілерімен – есепте талдау жасалатын елдердің жетекші зерттеу институттарымен және ұйымдармен бірлесіп өткізетін жыл сайынғы кең ауқымды зерттеулер комбинациясына негізделіп, Бүкіләлемдік экономикалық форумның әдістемесіне есептелген. Зерттеулер 2004 жылдан бері жүргізіледі және қазіргі кезде әлемнің түрлі елдері бойынша бәсекеге қабілеттілік көрсеткішінің неғұрлым толық кешенін бейнелейді.
Зерттеулерге екі индекс алынып, солардың негізінде ел рейтингі жасалады. Олар: Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі және Бизнестің бәсекеге қабілеттілік индексі. Қазіргі уақытта Бүкіләлемдік экономикалық форум үшін Колумбия университетінің профессоры Ксавье Сала-и-Мартин жасаған және 2004 жылы тұңғыш рет жарияланған Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі елдердің бәсекеге қабілеттілігін ортақ бағалаудың негізгі құралы болып табылады.
2015-2016жж. рейтинг қорытындысына сәйкес Қазақстан 4.49 орта баллмен 42 орынды иеленді, былтырғымен салыстырғанда көрсеткіштерін 8 тармаққа жақсартты.
Қазақстанның ДЭФ ЖБҚИ жағдайын жақсарту мақсатында Үкімет отырысының 2015 жылғы 21 сәуірдегі №18 хаттамасымен 2016 жылға дейін ДЭФ ЖБҚИ көрсеткіштерін жақсарту шараларының Жоспары (әрі қарай-Жоспар) бекітілді.
Жоспарға сәйкес Әділет министрлігі ДЭФ ЖБҚИ-нің 7 индикаторының орындаушысы болып табылады, оның ішінде 4 индикатордың негізгі орындаушысы, 3 индикатордың қосымша орындаушысы болып табылады.
1. «Әкімшілік реттеуді дауласу кезіндегі заңнаманың тиімділігі» индикаторы;
2. «Меншік құқығы» индикаторы;
3. «Даулы мәселелерді шешудегі заңнаманың тиімділігі;
4. «Зияткерлік меншікті қорғау».
ҚР Әділет министрлігі басқа органдармен бірге үш индикатордың қосымша орындаушысы болып табылады:
1. Мемлекеттік органдардың шешімдерінің ашықтығы;
2. Саясаткерлерге қоғамдық сенім арту;
3. Мемлекеттік қызметкерлердің шешімдеріндегі фаворитизм.
«Меншік құқығы» индикаторы
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды түбегейлі жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 желтоқсандағы Заңның шеңберінде жылжымайтын мүлікке құқықтар нотариус куәландырған мәміле негізінде туындаған жағдайда, оны «қағаз жүзінде» тіркеу жөніндегі баламалы тәртіптің алып тасталуын көздейтін түзетулер бекітілді.
Сол себепті, 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап нотариус міндетті түрде куәландырған барлық мәмілелер әділет органдарына электрондық нысанда жіберіледі. Тіркеу 1 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
Сонымен қатар, осы Заңның шеңберінде жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуге ұсынылатын құжаттардың тізбесінен техникалық паспорт алып тасталды.
Әкімшілік кедергілерді болғызбау мақсатында «Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттiк тiркеу туралы» Заңның 21-бабында көзделген «өзге де құжаттарды» ұсыну жөніндегі талаптар да тізбеден алып тасталды.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының 29.03.2016 жылғы «Қазақстан республикасының кейбір заңнамалыө актілеріне рұқсат беру құжаттарын қысқарту және рұқсат беру рәсімдерін оңайлату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңының аясында жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу мерзімі 5 күннен 3 күнге қысқартылды.
«Даулы мәселелерді шешудегі заңнаманың тиімділігі;
Қазақстан Республикасы Конституциясының 13-бабына сәйкес әркімнің құқық субъектісі ретінде танылуына құқығы бар және өзінің құқықтарды мен бостандықтарн, қажетті қорғаныста қоса алғанда, заңға ұайшы келмейтін барлық тәсілдермен ұорғауға құқылы.
Қорғаудың соттан тыс нысандары:
- Медиаторға жүгіну;
- Партисипативтік рәсім;
- Төрелік;
- Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл;
- Инвестициялық омбудсмен.
1. Медиация ол дау тараптары медиаторлар ұйымындағы медиаторлар тізілімен таңдап алатын медиаторға жүгіне отырып, дауды шешу рәсімі. Медиатор бейтарап болуға, медиацияны екі тараптың мүддесі үшін медиация туралы шартқа сәйкес жүргізуге міндетті.
2. Партисипативтік арасында олардың адвокаттарының тапсыру туралы шарт негізінде жәрдемдесуі кезінде келісөздер жүргізу рәсімі. Бұл рәсім тараптардың өзара және ерікті ниет білдіруі кезінде жүргізіледі. Дау жедел 10 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде шешіледі.
3. Төрелік – нақты дауды қару үшін арнайы төрешілердің немесе тұрақты жұмыс істейтін төрелік органдарының төрелік келісім негізінде дауларды талқылауы. Төреліктің басымдығы: төрешіні таңдау мүмкіндігі, дауды шешу орнын және уақытын таңдау мүмкіндігі, істі қарау жылдамдығы, істі талқылаудың жабықтығы.
4. Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл – мемлекеттік органдарда кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен заңды мүддлеріне өкілдік ету, оларды қамтамасыз ету және қорғау мақсатында, сол сияқты кәсіпкерлік қоғамдастықтың мүдделепрін қорғау үшін ҚР Президентінің өкімімен лауазымға тағайындалатын адам. Уәкілетті адамның қызметін «Атамекен» ҚР Ұлттық кісіпкерлер палатасы қамтамасыз етеді.
5. Инвестициялық омбудсмен – ҚР Үкіметі тағайындайтын, инвесторлардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға жәрдемдесу жөніндегі функцияларды атқаратын лауазымды адам. Оның қызметін, ақпараттық-талдамалық, ұйымдастырушылық-құқықтық қамтамасыз етуді ҚР Инвестециялар және даму министрлігі жүзеге асырады.
«Зияткерлік меншікті қорғау»
Әлем елдерінің экономикасында зияткерлік меншік үлкен роль алады. Авторлық құқық туралы заңнамаға сәйкес авторлық құқық құру фактісі күшінде туындайды. Автор немесе құқық иеленуші ҚР ӘМ Зияткерлік меншік құқығы департаментінің ресми тізілімінде туындаған құқықты тіркеуді жүзеге асыруға құқылы.
Өз тауарыңызды немесе қызметіңізді теке ғана бір тәсілмен ерекшелендіре аласыз – ол өзіңіздің өнімізге жекешелік қасиеттін беру. Осы жерде тауар сапасы және өндірушісі туралы ақпаратты бейнелейтін тауар таңбасы зор роль атқарады. Тауар таңбаларына құқық мемлекеттік тіркеуден өткен сәттен бастап туындайды.
Қазіргі таңда ӘМ-мен «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне зияткерлiк меншiк саласындағы заңнаманы жетілдіру бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Заң жобасы әзірленіп, ҚР Парламентінің қарауына енгізілді.
Заң жобасының мақсаты – зияткерлік меншік саласындағы заңнаманы одан әрі жетілдіру, ғылыми-техникалық прогресті және еркін бәсекені дамыту, тіркеу рәсімін жеңілдету, құқықтық олқылықтарды жою, сондай-ақ зияткерлік меншік саласындағы әкімшілік кедергілер тудыратын нормаларды алып тастау.
«Әкімшілік реттеуді дауласу кезіндегі заңнаманың тиімділігі»
Егер сіздің құқықтарыңыз бұзылса, Сіз қызмет көрсетушінің не (немесе) оның оның лауазымды тұлғаларының шешімдеріне, іс-әрекеттеріне шағым жасай аласыз:
- Осы мәселені қарау құзыретіне кіретін уәкілетті органға;
- Жоғары тұрған органға;
- Электрондық қызмет көрсету мәселелері бойынша – Инвестициялар және даму министрлігіне;
- Мемлекеттік қызмет сапасын бағалау және бақылау мәселелері бойынша – мемлекеттік қызмет істері жөніндегі министрлікке;
- Барлық мәселелер бойынша – азаматтық істер жөніндегі сотқа.
ҚР ӘМ-гі тарапынан «Әкімшілік рәсімдер туралы» заң жобасы әзірленді. Бұл заң жобасына сәйкес мемлекеттік органдар азаматтар мен ұйымдар өздерінің дәлелдерін және негіздемелерін ұсына алатын өтініш берушілерді тыңдау рәсімін өткізуге міндетті болады.
Жоғарғы Сот Әкімшілік процестік кодекс әзірлеуде, оған сәйкес әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді емес, мемлекет және азаматтарнемесе ұйымдар арсындағы дауларды қарайтын әкімшілік соттар құрылатын болады. Аталған соттар әкімшілік әділет деп аталатын болады.
Рейтинг көрсеткіштерін жақсарту мақсатында Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі басқа мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың, сарапшылардың, ғалымдардың қатысуымен жаңа редакциядағы «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Арбитраж туралы», «Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқықбұзушылық кодексіне» өзгерістер енгізу туралы» заң жобаларын әзірледі.
Көрсетілетін мемлекеттік қызмет сапасын арттыру және оңайлату бағытындағы атқарылып жатқан шаралар бұл Жаһандық бәсекеге қабілеттілік көрсеткішін жақсарту, тұрғындарға мемлекеттік қызмет көрсету барысында әкімшілік кедергілерді азайту болып табылады.
Министрлік тарапынан көрсетілетін мемлекеттік қызметті әрі қарай оңтайландыру шараларын жүзеге асыру жоспарланып отыр.
Ирина БӘКІШЕВА,
Қызылорда облысының Әділет департаменті басшысының
орынбасары, Қазақстан заңгерлер одағының мүшесі