АНТЫНА АДАЛ АБЗАЛ ЖАН, НЕМЕСЕ 42 ЖЫЛ АҚ ХАЛАТПЕН
Құтқарушылардың кәсіби мерекесі қарсаңында өз ісіне адал, адам өмірін құтқару жолында аянбай еңбек етіп келе жатқан әріптестеріміздің еңбегін айту парыз. Құтқару құрылымдарының ішіне біріктірілген мекеменің бірі – Апаттар медицинасы орталығы ММ Қызылорда облыстық филиалы. Мұнда дәрігерлер қауымы төтенше жағдай кезінде немесе күре жол бекеттерінде төтенше оқиға орын алған уақытта қызмет етеді. Осы жұмыстың басы-қасында бас дәрігер Әсия Сүлейменованы көруге болады.
Әсия Сүлейменқызы 1948 жылы Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Ақжар ауылында дүниеге келген. Бойжеткен шағында дәлірек айтсақ, 1974 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтының емдеу факультетін бітіргеннен кейін Қызылорда қаласындағы №1 емханада аймақтық дәрігер-терапевт болып еңбек етеді. Еңбек еленіп, бөлім меңгерушісі, бас дәрігердің орынбасары болып қызмет табалдырығынан жоғарылайды. Осы тұста 1998-2002 жылдар аралығында №2 қалалық емхананың бас дәрігері және 2002-2007 жылдары №4 емхананың бас дәрігері қызметін атқарды. Шынында да жоғары ұйымдастырушылық пен өз мамандығына деген сүйіспеншілігінің арқасында 2006 жылы жылды қорытындылау нәтижесінде облыстық денсаулық сақтау департаментінің шешімімен №4 қалалық емхана облыс бойынша «Үздік емхана» деп танылды. Әсия Сүлейменқызы туралы айтқанда, жоғары санатты дәрігер-терапевт, денсаулық сақтау саласының үздігі екенін айта кету орынды. Ол өз білім деңгейін жоғарылатуға зор көңіл бөлетін қызметкер. Ұжымда ісіне мығымдылық пен адал қызметті өзгелерден талап етеді, өзіне де үнемі сын көзімен қарайды. Тұрғындарға көрсетілетін емдеу, аурудың алдын-алу секілді күрделі жұмыстардың қыр-сырын толық меңгерген. 2001 жылы қалалық денсаулық сақтау мекемелеріндегі медицина қызметкерлері арасында өткен «Ми, қан айналымы бұзылуымен науқастанғандарды қайта қалпына келтіру», 2004 жылы «Вегетативные синдромы при патологии внуренних органов» ғылыми тәжірибелік мәжілісін ұйымдастырып, ғылыми еңбектер жинағының авторы ретінде танылды. Облыс көлеміндегі қоғамдық жұмыстарға да белсене араласады. Денсаулық сақтау саласындағы ұзақ жылғы қажырлы еңбегі еленіп, облыс әкімі, облыстық денсаулық сақтау басқармасының Құрмет қағазымен, 2005 жылы Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл толуына байланысты Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен арнаулы медальмен марапатталған. Сондай-ақ, Президент жанынан құрылған «Әйелдер ісі жөніндегі Ұлттық комиссия» ұйымдастырған «Әйел басқаратын ең үздік мекеме атты байқаудың диплом иегері.
2007 жылдың қаңтарынан бастап Облыстық денсаулық сақтау департаментінің жанындағы Облыстық апаттар медицинасы орталығында директор қызметін атқарды. Қызылорда облысында апат медицинасы қызметін үйлестіруге қосқан еңбегі айтарлықтай.
2007 жылы oблыстық денсаулық сақтау департаменті басшыларымен бірлесіп, шұғыл түрде реанимациялық бригадаларды, санитарлық авиацияны дер кезінде жеткізіп, зардап шеккен науқастарға уақтылы медициналық көмек көрсетті. Осы орталық қызметкерлері күн сайын ТЖМ, ДСМ, РАМО, ОДСД, ТЖД, зардап шеккен науқастарға бөлінген дәрі-дәрмектер, реанимациялық іс-шаралар жөнінде, науқастардың жағдайы туралы мәлімет беріп отырды. Оған қоса, Сыр өнірінде төтенше жағдайлардың алдын-алу мақсатында өтетін оқу-жаттығуларға медициналық қызметтің қатысуын, болып жатқан төтенше жағдай кезінде зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру жұмыстары тікелей апат медицинасы орталығына байланысты. Осындай күрделі жұмыстардың басы-қасында бола жүріп, 2008, 2010 жылдары азаматтық қорғаныс және төтенше жағдай саласындағы білімділігін көтеру Республикалық курстарында білім жетілдірді.
2008 жылы Апаттар медицинасы орталығы ТЖМ құрамына еніп, облыстық Төтенше жағдайлар департаментімен бірге қоян-қолтық қызмет ете бастады. 2008 жылы ақпанда Қызылордада тікұшақ апаты орын алған кезеңде де Әсия апайдың медициналық көмекті жедел ұйымдастыру, әрекет етуі арқасында бірқатар азаматтарымыз бүгінгі күні елімізде аман-есен қызмет етіп жүр. Ол туралы ер мінезді, әділ, ақ жарқын дәрігер дегенді көпшілік аузынан жиі естиміз.
Ол 2009 жылы Ата Заң күні қарсаңында ҚР Төтенше жағдайлар министрі В.К.Божконың құрмет грамотасымен, Қызылорда қаласының 190 жылдығы және облысының 70 жылдығы мерейтойы қарсаңында қажырлы еңбегі еленіп, облыс әкімнің «Құрмет» медалімен марапатталды. 2011 жылы 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне байланысты Төтенше жағдайлар Министрлігі тарапынан алғыс хатты иеленді. 2014 жылы «Төтенше жағдайлар жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін» медалімен марапатталды.
«Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» - атты 2011 жылдың 28 қаңтардағы Елбасының Жолдауын негізге ала отырып, бүгінгі күні республикалық маңызы бар жолдардың авариялық-қауіпті аймақтарында 40 трассалық медициналық-құтқару бекеті ашылып, жұмыс жасауда. Қызылорда облысы бойынша 2013 жылғы 11-желтоқсаннан «Қызылорда-Шымкент» автожолында Шиелі кентінің «Бәйгеқұм» елді мекені тұсынан, «Байқоңыр-Қызылорда» автожолында Жосалы кентінің «Иіркөл» елді мекені тұсынан 2 күре жолдық құтқару бекеті жұмыс жасауда. 2014 жылдың 25 қазанынан Қазалы кентінің «Әйтеке-би» елді мекені тұсынан күре жолдық медициналық құтқару бекеті қызмет көрсетуде. Төтенше жағдай кезінде медициналық-құтқару көмегін көрсету үшін төтенше жағдай орнына хабар түскеннен кейін алғашқы 30 минутта жедел жету қажет. Нақты ақпаратқа сүйенсек, Шиелі, Жосалы, Әйтеке би күре жолдық медициналық бекеттеріне 2016 жылдың 1-жартыжылдығында -324 шығу тіркеліп, 574 зардап шеккен адамға алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, олардың 98 науқасы ауруханаға жатқызылды.
Осындай көлік апаты орын алғанда, туыстарымның өмірі қыл ұшында тұрғанда үлкен азаматтық жасап, көмек берген Әсия Сүлейменқызының еңбегін ұмытуға болмайды. Дәлірек айтқанда, 2016 жылғы 22 сәуірде «Қармақшы-Жалағаш» тас жолының бойындағы Қармақшы ауылының тұсында жол-көлік оқиғасы орны алуы салдарынан 7 адам, оның ішінде 2 бала әр түрлі дәрежедегі дене жарақаттарымен Жосалы орталық аудандық ауруханасына жатқызылған болатын.
Зардап шеккен 3 науқасты жағдайларының ауырлығына байланысты, мамандандырылған көмек қажет етілгендіктен ҚР ІІМ ТЖК «Апаттар медицинасы орталығы» ММ Қызылорда облысы бойынша филиалының «Жосалы» күре жолдық медициналық құтқару бекетінің шұғыл әрекет ету бригадасы 2016 жылғы 28 сәуірде 250 шақырым құрайтын жерден Қызылорда қалалық ауруханасына медициналық көмек көрсетуге заманауи медициналық құрал-жабдықтармен жабдықталған «Хюндай-Каунти» реанимобиль автокөлігімен асқынусыз жеткізді. Жеткізіп қана қойған жоқ, аурухана басшылығына өтініш білдіріп, үнемі науқастардың хал-жағдайын біліп тұрды. Осылай азаматтық жасау екінің бірінің қолынан келе бермейтін іс. Антына адалдық деген осы болар бәлкім.
Нәтижесінде анам мен інім және нағашыларым қалалық және облыстық ауруханада тиісті ем-шараларын қабылдап, қатарға қосылды. Оған себепші болған әуелі Алладан кейін, Әсия Сүлейменқызы мен оның ұжымының, туыстарым емделген қалалық және облыстық аурухана дәрігерлерінің ерен еңбегі.
Әсия Сүлейменқызы туралы айтқанда, оның 42 жылдан астам дәрігерлік қызмет атқара жүріп, қоғамдық шараларға да белсене атсалысқандығын көріп қайран қаласыз. 2014 жылға дейін екі рет ғылыми-практикалық конференцияның ұйымдастырушысы болды. 2015 жылы Қазақстанның қанатты әйелдері бірлестігіне 20 жыл толуына орай арнайы шығарылған жинаққа және Қазақстанның медициналық қоғамы кітапшасына Әсия апай туралы мәліметтер ендірілген. Сонымен бірге, 2015 жылы Төртінші Еуразиялық әйелдер саммитінің қатысушысы болды. Сонымен бірге, жоғарыдағы мәліметтерден байқап отырғанымыздай, апай бүгінгі күні Төтенше жағдай саласында да жемісті еңбек етуде. Біліктілігінің арқасында қоғамдық жұмыс пен мемлекеттік қызметті қатар алып жүру кез-келген әйел адамның қолынан келе бермейтіні сөзсіз. Оған өнегелі жанұяның ұйытқысы, отанасы ретіндегі еңбегін қосыңыз. Құтқарушылардың кәсіби мерекесі қарсаңында Әсия Сүлейменқызына зор денсаулық пен ұзақ ғұмыр, отбасына амандық тілейміз. Жұбайы Жүсіпов Аппаз Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік университетінің доценті, қызы Гүлназ экономика ғылымдарының кандидаты, немерелері Диас, Томирис, Айбике әжесінің еркелері. Көз қуанышы қызыңыз бен немерелердің қызығын жұбайыңыз Аппаз ағаймен бірге көре беріңіз деген ізгі лебіз білдіреміз.
Айгүл НҰРМАНОВА,
Қызылорда облысы ТЖД
мемлекеттік тіл және ақпарат тобының бас маманы,
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі