САПАЛЫ КАДР ЖАСАҚТАУ – ҚАЗІРГІ ЗАМАН ТАЛАБЫ
Ел қауіпсіздігін қорғау, халықтың тыныштығы мен бостандығын сақтау, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, қылмыс пен құқық бұзушылықпен күресіп, азаматтардың мүдделерін құқыққа қарсы қол сұғушылықтардан қорғау – полиция қызметкерлерінің негізгі міндеті екендігі белгілі. Осындай жауапты міндетті абыройлы атқаруда сапалы кадрлық саясатты жүргізіп, білікті әрі кәсіби мамандарды іріктеп, қалыптастыру жұмысының маңызы зор. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында қазіргі заманғы мемлекет құрудың 5 институционалды бағыттарын айқындаған 100 нақты қадам бағдарламасын ұсынып, жоспардың 28-қадамында – полиция қызметкерлерін ІСКЕРЛІК ҚАБІЛЕТТЕРІ НЕГІЗІНДЕ ІРІКТЕУ ЖҮЙЕСІН ЖАҚСАРТУ мәселесін көтерді. Кәсіби дағдыларын және жеке тұлғалық қасиеттерін тексеру үшін іс басындағы полиция қызметкерлерін және қызметкерлікке кандидаттарды тестілеудіӊ арнайы жүйесін енгізу тапсырмасы берілді. Аталған тапсырманы орындау мақсатында, Ішкі істер министрлігінде кадр саясатын жетілдіру, азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғауды күшейту, полиция қызметіндегі заңдылық пен тәртіпті нығайту, жеке құрамның біліктілігін арттыру жөніндегі кешенді шаралар қабылдануда.
Ішкі істер органдарына қызметке қабылданатын үміткерлерді іріктеу және зерделеу Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2011 жылғы 27 мамырдағы №246 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады. Ішкі істер органдарында қызмет етуге үміткерлерді алдын ала іріктеуді ұйымдастыру жұмысы олардың қызметінің тиімділігінің негізгі шарттарының бірі болып табылады және үміткерлерді іріктеу және зерделеу, ішкі істер органдарына қабылдау жүйесі бірнеше сатылардан тұрады:
1-сатысында республикалық және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарына бос орындарға конкурс өткізілетіні жайлы хабарландырулар жарияланады. Тиісінше, департамент жанынан үміткерлерді іріктеуге мүмкіндік беретін білікті әрі кәсіби тәжирибесі мол мамандардан жинақталған конкурстық комиссия құрылады. Азаматтардан құжаттар қабылданып, олардың лауазымдарға белгiленген бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiлігi алдын ала қаралады. Құжаттары конкурс ережесінің талаптарына сай болған жағдайда, үміткерлерді медициналық және психофизиологиялық куәландырудан, оның ішінде полиграфологиялық зерттеуден өткізу шарасы ұйымдастырылады. ҚР Заңдық жүйесін білетіндігін анықтау мақсатында үміткерлер ереже талаптарына сәйкес тестілеуден өтіп, дене шынықтыру даярлығы бойынша нормативтер тапсырады. Сонымен қатар, аталған іріктеу жүйесінің соңғы сатысы – конкурс өткізуші комиссияның үміткерлермен әңгімелесуі болып табылады. Әңгімелесудің басты мақсаты – үміткердің жеке басын сипаттайтын әлеуметтік қасиеттерін мүмкіндігінше толық анықтау және оның ойлау қабілетін, нақты жағдайды қабылдауы және нақты әрекеттері болып табылады. Әңгімелесу барысында үміткердің ішкі істер органдарына қызметке түсу себептері анықталады. Алдағы қызметтің қауіпті сипатына, ішкі істер органдарындағы қызметтің жағдайына, жалпы және нақты құрылымдық бөлімшенің қызметіне үміткердің және оның туыстарының назары аударылады. Оларға ішкі істер органдарының қызметкерлері үшін заңмен бекітілген жеңілдіктер, кепілдіктер, үстемақылар туралы ақпараттар беріледі.
Ішкі істер органдарына қызметке іріктеу кезінде үміткердің іскерлік, жеке және моральдық қасиеттерінің неғұрлым сәйкес келуі басты назарға алынады.
Ішкі істер органдарының қатардағы және кіші басшы құрам лауазымдарына жиырма бес жастан аспаған азаматтар, орта және аға басшы құрам лауазымдарына – отыз бес жастан аспаған, тиісті білімі бар және мерзімді әскери қызмет өткерген азаматтар немесе әскери-оқыту резервін даярлау бойынша Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында әскери даярлықтан өткен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мерзімді әскери қызметке шақырудан босатылған немесе кейінге қалдырылған азаматтар қабылданады.
Үміткердің жеке басын зерделеу процесінде оның денсаулығының жағдайы, оның білімі мен арнайы даярлығының сәйкестігі, белгіленген нормативтерді тапсыру бойынша дене шынығуының даму деңгейі, ол тағайындалатын лауазымға қойылатын талаптарға сәйкес болуы, үміткердің отбасы жағдайы және ортасы, мінез-құлқының негізгі сипаттары анықталады. Үміткер ішкі істер органдарының арнайы есептері бойынша да тексеріледі.
Ерекше атап өтерлік жайт, ішкі істер органдарына қызметкерлерді іріктеуде полиграфологиялық зерделеуден өткізу технологиясы қолданысқа енгізілді. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев 2015 жылдың 11 наурызында өткен «Нұр Отан» партиясының ХVІ съезінде «Полицияға кәсіби және психологиялық іріктеудің жаңа жүйесін енгізіп, полицейлердің өздерінің біліктіліктерін тұрақты түрде арттырып және растап отыруын қамтамасыз ету маңызды» деген болатын. Осы мақсатта «Құқық қорғау қызметі туралы» ҚР заңына өзгерістер енгізіліп, Қазақстан Республикасы үкіметінің қаулысымен Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарында полиграфологиялық зерттеуден өту қағидалары бекітілген. Ішкі істер органдары қызметкерлерін сапалы іріктеу, қызметке қабылданатын үміткерлерге, сондай-ақ аттестаттаудан өту және тергеулер кезеңінде полиграфологиялық зерттеулер жүйесі қолданысқа енгізілді. Қазіргі таңда, бұл жүйе полиция қызметкерлерін кезекті аттестаттаудан өткізу кезеңінде де жүйелі қолданылып жатыр.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің «Ішкі істер органдарындағы тәлімгерлік бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, қызметке жаңа қабылданған қызметкерге тәлімгер тағайындау практикасы да жүйелі жүргізіліп жатыр. Бұл да кадрлық жүйенің тиімді жүргізіліп, жеке құрам арасындағы тәртіп пен заңдылықтың сақталуына маңызы зор. Тәлімгер ретінде даярлығы жағынан жақсы сыныптық біліктілігі бар және лауазымда кемінде 3 жыл қызмет атқарған, жоғары кәсіби біліктілікке ие, қызметте тұрақты көрсеткіштері бар, өмірлік тәжірибесі бай, тәрбие жұмысына бейім және ұжымда беделді қызметкерлер тағайындала алады. Тәлімгер жас қызметкерді тәрбиелеп, қызметтің қыр-сырын үйретіп, бағыт-бағдар беріп отырады.
Қазіргі таңда, құзырлы мемлекеттік органдармен бірігіп полиция қызметкерлерінің біліктілігі мен жауапкершілігін арттыру, құқық қорғау органдарының имиджін жақсарту мақсатында жұмыстар жасап жатырмыз. Іске асып жатқан жұмыстар ішкі істер органдары қызметінің тиімділігін арттыруға және азаматтардың полицейлерге деген сенімінің артуына ықпал етеді деп сенемін.
Махмудин ШОХАТАЕВ,
Қызылорда ОІІД бастығының орынбасары, полиция полковнигі