МОНГОЛИЯ ЕЛІНІҢ БІРІНШІ ПРЕЗИДЕНТІ ОБЛЫСЫМЫЗДА БОЛДЫ
Тамыз айының соңғы күні облысымызға өңіріміздегі атомды өңдеу өнеркәсібінің жұмыс барысымен танысуға Монголия мемлекетінің бірінші президенті Пунсалмаагийн Очирбат іс-сапармен келді.
Пунсалмаагийн Очирбат мырза 1990 жылдың 3-қыркүйегінде Монголия елінің бірінші президенті болып сайланды. 1993 жылы екінші мәрте қайта сайланған. Осы қызметті 1997 жылдың 20 маусымына дейін атқарды.
Мәртебелі мейман сапар барысында облыс әкімі Қ.Көшербаевтың қабылдауында болды. Мұнан кейін қонақ облысымыздағы атом өндірісімен айналысатын "Байкен-U" ЖШС-гі және Хорасан-1, Хорасан-2 кеніш орындарының жұмысымен танысты.
Келесі кезекте, күкірт қышқыл зауытында болып, өндірістік жұмыс барысын көрді. Сапар кезінде мәртебелі қонақ Пунсалмаагийн Очирбат Қазақстандағы атом өндірісінің шарықтап дамып кеткеніне таңқалысын жасырмады. Алдағы уақытта Монголия елінде уран өндірісін жолға қоюға Қазақстанмен әріптестік қатынас орнатуға мүдделі екендіктерін айтты.
Сапар соңында Пунсалмаагийн Очирбат мырза облыс әкімінің жылы қабылдап, өндіріс орындарымен танысуға толыққанды жағдай жасағанына ризашылығын білдірді.
Іс-сапар аяқталған соң мәртебелі қонақ Шымкент қаласына аттанып кетті.