«ЖАСЫРЫН САТЫП АЛУШЫ» МОНИТОРИНГІ
Қызылорда облыстық тұтынушылардың құқығын қорғау қоғамы қоғамдық бірлестігі облыстық ішкі саясат басқармасының тапсырысына сәйкес «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау бөлігінде мемлекеттік қызметтерді алу» әлеуметтік жобасы аясында тамыз айынан бастап мемлекеттік қызметтерге «Жасырын сатып алушы» мониторингін жүргізді.
Мониторингке бірлестік президенті С.Теңізбаев пен заңгер Д.Рысбаев қатысты. Сонымен қатар электронды үкімет egov.kz порталы арқылы берілетін мемлекеттік қызметтерге мониторинг жасалды. Мониторинг барысында қызмет беруші тікелей беретін және электронды үкімет порталы арқылы көрсететін мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі тексерілді.
Тікелей берілетін мемлекеттік қызметтерді беру барысында мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қызмет көрсету дұрыс жолға қойылмағандығы байқалды. Атап айтсақ, көрсетілетін қызметті алушылардың әлеуметтiк немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша қандай да бір кемсітушіліксіз теңдей қол жеткізуі, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі деген негізгі қағидаттары бұзылып, мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпарат, яғни регламент пен стандарт туралы ақпараттар көрнекті, жетімді жерде орналаспаған.
Электрондық үкімет eGov.kz порталы арқылы берілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын және қолжетімділігін тексеру барысында, электрондық үкімет порталының жұмысы, кейбір қызмет түрлері техникалық жұмыстардың жүргізілуіне байланысты жұмыс істемеуінен басқа автоматтандырылған сапалы жолға қойылғандығы байқалды.