ҮЙЛЕСТІРУШІ СУДЬЯЛАРДЫҢ РОЛІ
Қызылорда облысы соттары сот әділдігін жүзеге асыру бағытында атқарылған жұмыстарды халыққа кеңінен таныстыру және қоғамдық пікір тудырған істерге бір жақты пікір қалыптастырудың алдын алу мақсатында БАҚ өкілдері арасында тығыз қарым-қатынас орнатып, бірлесе жұмыс атқарып отыр. Ашықтық пен жариялылық БАҚ арқылы барынша насихатталса, халықтың сотқа деген сенімі де арта түсетіні анық.
Қызылорда облыстық соты Ұлт Жоспарында белгіленген басымдықтарды ескере отырып, сот жүйесінің қызметін ақпараттық жария ету мақсатында БАҚ-пен өзара іс-қимыл бойынша жүйелі жұмысты жолға қойды.
Облыстық сотта арнайы Ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі баспасөз өкілдерімен ақпарат алмасудың шынайы әрі уақытылы жүзеге асуын қамтамасыз етеді. Ал, бөлімнің жұмысын үйлестіру облыстық соттың азаматтық және қылмыстық алқаның екі судьясына жүктелген. БАҚ өкілдерімен байланысты арттыруда үйлестіруші судьялардың септігі зор.
Сонымен бірге, бүгінгі күні аудандық және оған теңестірілген соттарға да баспасөз қызметін үйлестіруші судья, жауапты мамандар бекітіліп, жұмыс атқарылып жатыр.
Олардың негізгі міндеті сот жүйесінің имиджін көтеру мақсатында жоспарланған шараларды жүзеге асырып, БАҚ-пен байланысты нығайту. Сондай-ақ, соттағы соңғы жаңалықтарды, қабылданып отырған іс – шараларды БАҚ өкілдері арқылы халыққа дер кезінде жеткізу. Осының арқасында әділ сот төрелігі қызметінің жариялылығын, ашықтығын қамтамасыз ете отырып, ел азаматтарының құқықтарын түсіндіру.
Соттардың баспасөз қызметтері соттардың ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында, сот залдарында ашық сот отырыстарына заң шеңберінде бұқаралық ақпарат құралдарын кедергісіз қатыстыру, қоғамдық қызығушылық тудырған істер бойынша брифингтер, сот жұмысының қорытындылары бойынша баспасөз конференцияларын өткізу жұмыстарын тұрақты түрде жүргізіп келеді.
Бүгінгі күннің мәселелерінің бірі – сот жүйесі мен баспасөз өкілдерінің арасындағы байланысты орнықтыру. Бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған мақалалар арқылы қоғамда пікір қалыптасатыны белгілі, сондықтан, соттармен объективті ақпарат тарату арқылы қоғамның оң пікіріне ие бола аламыз. Баспасөз хатшыларының сауатты әрі уақытылы ақпарат таратудағы кәсіби дағдысы, бүкіл сот жүйесінің беделіне әсер етеді.
Осыған орай, облыс соттарының баспасөз қызметіне жауапты судьялар мен мамандар арасында БАҚ-пен байланысты арттыру, өзара тәжірибе алмасу мақсатында түрлі іс-шаралар өткізіледі.
Ағымдағы жылдың 26 ақпанында Қызылорда облыстық сотының мәжіліс залында сот жүйесінің қызметін ақпараттық сүйемелдеу мақсатында «Жұмыс барысында туындайтын өзекті мәселелер» тақырыбында семинар- тренинг өткізілді. Шараға облыстық соттың төрағасы, облыстық, аудандық және оған теңестірілген соттардың баспасөз қызметін үйлестіруші судьялары мен баспасөз қызметіне жауапты мамандары, облыстық соттың ақпаратты қамтамасыз ету бөлімі, ішкі қауіпсіздік және соттардағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бөлімі және қалада орналасқан соттардың кеңсе меңгерушілері мен сот приставтары қатысты. Семинар-тренингте БАҚ-пен өзара іс-қимыл жөніндегі үйлестіруші-судьяларының қызметін жолға қою мәселелері талқыланды.
Сонымен бірге, жуырда «Сот билігі мен бұқаралық ақпарат құралдары арасындағы қарым-қатынас» тақырыбында семинар өтті. Жиын барысында 2016 жылдың 6 айындағы БАҚ-пен жұмыс жасау бойынша статистикалық деректер ұсынылып және облыс соттарымен жіберілген баспасөз хабарламаларының сапасы слайд арқылы көрсетілді. Семинар соңында баспасөз өкілдерімен белсенділікті арттыру шаралары қабылданды.
Бүгінгі күні облыс соттары әлеуметтік желілерде сот жұмысына қатысты ақпараттарды тарату жұмысын жолға қойды. Facebook желісінде ашылған Қызылорда облыстық сотының тобы
(https://www.facebook.com/groups/853119821449913/) сот залынан ақпарат беріп, соттардағы соңғы жаңалықтармен күнделікті бөлісіп отыр. Сонымен қатар, баспасөз қызметінің үйлестіруші судьялары да әлеуметтік желілермен белсенді жұмыс жасауда.
Облыстық соттың бұқаралық ақпарат құралдарымен байланыс жасау жоспары әр жарты жыл сайын сот төрағасы тарапынан бекітіледі. Жоспарда қарастырылған мәселелер тек облыстық соттың БАҚ-пен байланыс жасау жұмысын ғана қарастырып қана қоймай, аудандық және оған теңестірілген соттарға да жекелеген тармақтармен тапсырмалар беріліп, БАҚ-пен байланысты жандандыруға ықпал етеді. Қазіргі кезде жоспарға сәйкес бұл шаралар орындалып, өз нәтижесін беріп келеді.
Артур НАРИМОВ,
Қызылорда облыстық сотының судьясы,баспасөз қызметін үйлестіруші