БІЛІКТІ МАМАН – МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ БЕДЕЛІ
Мемлекеттiк қызмет – мемлекеттiк билiктiң мiндеттерi мен функцияларын iске асыруға бағытталған лауазымдық өкiлеттiктердi атқару жөнiндегi мемлекеттiк қызметшiлердiң мемлекеттiк органдардағы қызметi.
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызметкердің оң беделін бекіту және қалыптастыру, мемлекеттік жүйені дамытудың ең басты бағыттарының бірі.
Білікті маман – мемлекеттік қызметтің беделі. Мұндағы басты міндет – халыққа сапалы әрі дер кезінде жедел қызмет көрсету. Мемлекеттік қызметтегі әрбір адам өзінің жұмысының мәнін білу керек, өз елінің патриоты болып, мемлекеттік қызметтің беделін арттыру үшін барлық шараны қолдануы қажет.
Бедел – халықтың билікке деген сенімін білдіру деңгейі, мемлекеттік органдардың басқару қызметін бағалауы, әрі қоғамдық ықпал етуші. Осыған орай, бүгінде мемлекеттік қызметтің оң беделін қалыптастыруға айтарлықтай ілтипат бөлінуде. Мемлекеттік басқаруда халықтың белсенді қатысуы – алғы мақсат. Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасына тұрақты түрде көңіл бөлініп, тұтынушылардың пікірі мен мониторинг жүргізуге ерекше назар аударылуда. Бұл ретте жүргізілетін жұмыстарда ашықтық пен жеделдік талап етіліп, ұсыныстар енгізілуде.
Еліміздің президенті Н.Ә.Назарбаев елімізді тиімді басқару үшін, мемлекеттік қызметкерлердің меңгеретін жалпы сапасын көрсетті. Бұл – жоғары моральды жауапкершілік, кәсіпкерлік білім, оны практикада қолдана білу, адалдық, жауаптылық, өмірлік белсенді көзқарас.
Мемлекеттік қызметкер болу – ол үлкен мәртебе, кәсіпкерліктен басқа, үлкен адамгершілік қасиеті болу қажет. Әсіресе қазіргі БАҚ-ы, ақпараттық технология дамыған уақытта. Мемлекеттік қызметтің беделін арттыру керек, мемлекеттік қызметкер дәрежесіне үміткерлер халық алдында жауапты екендіктерін ұмытпаулары қажет.
Бұқарамен байланысып, іскерлік қарым-қатынас жасауға мемлекеттік қызметшілердің үлгі бола білуі, қоғамның дамуына жол салар тұлға ретінде маңызды болмақ. Сондықтан, мемлекеттік қызметшілер өздерінің қоғамдағы рөлін сезініп, біліктілігін арттыру, интеллектуалдық ынтымақтастық пен ортақ тіл табуда ең бастысы адамдық қарым-қатынас жасау жүйесін қалыптастыруы керек. Ол үшін әрине, әрбір мемлекеттік қызметші өзінің қызмет этикасын, функциональдық міндетін жетік білуі шарт.
Сонымен қатар, қызмет әдебін сақтай білу керек. Мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарына сай, кәсіби еңбегіне жанашырлық таныту Конституциялық құқықтарын меңгерудегі біліктілігіне негіз болмақ. Сонда ғана қоғамның ілгерлеуіне ықпал етер қозғаушы күш - мемлекеттік қызметшінің өркениетті ел мүддесі үшін үлесі зор екені айқын.
Билік пен халық арасында тығыз байланыс орнамайынша мемлекеттік қызметтің мәртебесін көтерудің жөні де келе бермесі анық. Оған дәнекер болатын тағы да мемлекеттік қызметші.
Байыптап қарасақ, ел ішіндегі менталитетті қалыптастыратын да сол жердегі шоғырланған халық. Ал, халықты мемлекеттік қызметтегі азаматтардан бөліп қарау мүмкін емес. Сондықтан, еліміздің саяси бағытын бағаламау әрбір мемлекеттік қызметшіге сын.
Жауапкершілік жүгін арқалаған азаматтар мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын, мінез-құлық қағидаларын жадында ұстап, ұлт рухын ұлықтай білуі үшін адамгершілік қарым-қатынас, тілдік нормаларын қалыптастыруынан бастау алады. Бұл қоғамдық байланыс орнатудың негізі болғандықтан әрбір мемлекеттік қызметшіге міндет саналады.
Мемлекеттік қызметші өз жұмысын адал және лайықты орындап, ел алдындағы азаматтық борышы пен халықтың сенімін ақтай отырып, заңдар мен этиканы қатаң сақтау керек.
Қаракөз САРСЕНБАЕВА,
Қызылорда облысының қылмыстық істер
жөніндегі мамандандырылған ауданаралық
сотының кеңсе меңгерушісі