ЗИЯТКЕРЛІК МЕНШІК CАЛАСЫНДАҒЫ ЗАҢНАМАНЫ ЖЕТІЛДІРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік cаласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының зияткерлік меншікті қорғау саласындағы стандарттарына жүйелі түрде өту бойынша Елбасының 2014 жылғы 12 маусымдағы ҚР Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің 27-ші пленарлық мәжілісінің қорытындысы бойынша берген тапсырмасын орындау үшін және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 31.12.2015 жылғы № 1050 қаулысымен бекітілген ҚР Үкіметінің заң жобалау жұмыстары жоспарының жетінші тармағына сәйкес әзірленген.
Заң жобасының мақсаты – зияткерлік меншік саласындағы заңнаманы одан әрі жетілдіру, ғылыми-техникалық прогресті және еркін бәсекені дамыту, тіркеу рәсімін жеңілдету, құқықтық олқылықтарды жою, сондай-ақ зияткерлік меншік саласындағы әкімшілік кедергілер тудыратын нормаларды алып тастау.
Заң жобасы 2015 жылы 18 наурызда Әділет министрінің бұйрығымен құрылған ведомство аралық жұмыс тобымен әзірленген.
Жұмыс тобының құрамына мүдделі мемлекеттік органдар, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы, үкіметтік емес ұйымдар, Шетел инвесторлар кеңсінің өкілі «Филлип Моррис» компаниясы, Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңестің мүшелері, патенттік сенім білдірілген өкілдері қатысқан.
Заң жобасы Азаматтық кодекске (Ерекше бөлім), «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасының кодексіне, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодекске, Кәсіпкерлік кодексіне, Патент заңына, Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы, селекциялық жетістіктерді қорғау туралы, тауар таңбалары туралы, Интегралдық микросхемалар топологияларын құқықтық қорғау туралы, Мемлекеттік сатып алу туралы, Әділет органдары туралы, Мемлекеттік мүлік туралы заңдарға түзетулер енгізуді көздейді.
Заң жобасының негізгі жаңалықтары:
- зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды тіркеу бойынша өкілеттіктерді сараптама ұйымына («Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК) беру арқылы зияткерлік меншік объектілерін тіркеудің бір деңгейлі жүйесін құру;
- тіркеуге қатысты дауларды сотқа дейінгі қарау мүмкіндігін кеңейту;
- құқық иелерінің тауар таңбасын заңсыз пайдаланғаны үшін өтемақы алу құқығын қамтамасыз ету;
- тауар таңбаларына өтінімдерді сараптама ұйымына түскен сәттен бастап жариялау;
- шарттарды тіркеу тәртібін жеңілдету.
Заң жобасын іске асыру бюджеттік түсімдердің азаюын көздейді
Ұсынылып отырған түзетулер бойынша Республикалық бюджет комиссияның оң қорытындысы шығарылған.
Ирина БӘКІШЕВА,
Әділет департаменті басшысының міндетін атқарушы,
Қазақстан заңгерлер Одағының мүшесі