АЙБЫНЫ БИІК АСТАНА!
Сіздерді 6-шілде Астана күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Бұл-еліміздің өткен өмірінен сыр шертер тарихи
күн.
Астана - мәдениеттің ошағы, ғылым мен білімнің, еліміздің көгілдір туы желбіреген тәуелсіздігіміздің ордасы. Бас аяғы он
алты жылдың ішінде әлем жұртшылығы таныған айбыны асқақ шаһар.
Бүгінгі Астана, бұл – қазіргі заманғы, жедел қарқынмен дамып келе жатқан, іскерлік, саяси ынтымақтастық пен
халықаралық туризм орталығы, тәуелсіз еліміздің айнасы.
Ал, байтерек – жер жаһанды кейіптейтін әлем ағашы, Астана көркі, адамды сүйсіндіретін ұлт мақтанышы. Бүгінде
Астананың көркі күннен күнге әрленіп, халқының саны да артып келеді. Міне, бүгінде бүкіл әлем таныған, тамсанған қазақ елінің
тірегіне айналып отыр.
Осынау мерекеде Сіздерге бақытты да баянды өмір, зор денсаулық, қажымас қайрат, жемісті еңбек, шаңырақтарыңызға
шаттық пен қуаныш, құт-береке тілеймін. Сүйікті қаламыз – ару Астана көркейе берсін!
Құрметпен,
Н.Қайырбеков,
Қызылорда облыстық сотының төрағасы