ҮШТҰҒЫРЛЫ ТІЛ САЯСАТЫН ҰСТАНҒАН ЖАСҰЛАН
Халқымыздың көркем өнерін, бейнелі сөзін, даналық талғамын, бейнелейтін - қазақ тілі. Мемлекеттік тілімізбен бірге ұлтаралық қатынас тілі - орыс тілі, жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі - ағылшын тілі екендігін Елбасымыз «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында ерекше атап өткен болатын. Қазіргі таңда өркениетті ел ретінде көптеген шет елдермен қарым-қатынасымыз күннен-күнге артып келеді.
Соның бір дәлелі тілдерді жетік меңгерген Жасұлан мектеп кезінен бастап өзінің білімге деген құштарлығымен қазақ, орыс, ағылшын, түрік тілдерін оқып үйренудің әртүрлі жолдарын қарастырып, шетелдіктермен қарым-қатынас жасау мүмкіндігін ізденіп жүретін.
Тілдерді білуінің арқасында Жасұлан халықаралық ұйымдар және шетелдік компаниялармен жұмыс жасауда тәжірибесі мол. Ол облыстағы экономикалық ынтымақтастық даму ұйымы, WhiteShield Partners, елшіліктер мен консулдықтар және тағы басқа ұйымдарымен тұрақты байланыста.
Қазіргі уақытта Жасұлан Серіков - сәтті жұмыс істеп жүрген жеке кәсіпкерлердің бірі. «Қазақстан- 2050» Жалпыұлттық қозғалысының үйлестірушісі, «Тұран өңірлік даму» қоғамдық қорының директоры және «Халықаралық экономикалық ынтымақтастық даму» ұйымының жоба кеңесшісі болып қызметтер атқарады.
Жасұлан осыған дейін қаржы ұйымында, тіл үйрету курстарында, үкіметтік емес ұйымда тәжірбиелі жұмыстар атқарған. Әрдайым әртүрлі деңгейдегі республикалық шараларға, халықаралық форумдарға, алыс-жақын шетелдерге барып, тәжірибе алмасып жүреді. Бірнеше рет көрші Ресей, Қырғызстан және Италия, АҚШ сияқты шет елдерде білімін шыңдап келген болатын.
Елімізде Жасұлан сияқты мамандар саусақпен санарлықтай десек те болады, себебі көп жағдайда тілдерді жетік меңгерген білікті мамандар мегаполистерге кетіп жатады. Ал Жасұланның туып өскен жері – Сыр елінде жұмысын жалғастырып, өңірдің дамуына өз деңгейінде үлес қосып жатқанына өз басым ризамын.
Мақсат МАНТАЕВ,
Қызылорда қаласындағы
«ТҰРАН» өңірлік даму қорының құрылтайшысы