МЕНІҢ ӨМІРЛІК ЖЕТІСТІКТЕРІМ
Елбасымыз «Қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қатынас тілі, ал ағылшын тілі – жаңа саясатқа кірудің басты кілті», - деген болатын. Қазіргі таңда еліміз шет елдермен саяси-әлеуметтік және мәдени қарым-қатынас жасауда.
Қазіргі таңда Венгриядағы Печ университетінде халықаралық қатынастар мамандығы бойынша білім алудамын. Шет елде оқу маған әрдайым қол жетпес арман секілді көрінетін еді, алайда, міне Назарбаев Зияткерлік мектебінің арқасында арман қуып Венгрияға да жеттік. Әрине, шет елде өзімді бірден еркін сезініп кеткенім жоқ. Біз білетіндей, Европа халқы өте мейірімді, сыпайы. Шет елден келген студент болғандықтан барлығы көмек қолын созуға дайын тұрады. Шет елден келген студенттерді күтіп алып, жатақханаға өзге ұлт өкілдерімен орналастыра отырып, достық қарым-қатынасқа негізделген орта құруға ұмтылады. Басында қорқыныш сезімдері болатын: жатақхана, алғашқы қиындықтар, оқу, ауылды сағыну. Дегенмен, өмірім таңқаларлықтай өте жылдам өтуде. Көзді ашып жұмғанша бір жыл да өтіп кетті. Осының бәрі мектеп кезімдегі еңбегімнің жемісі деп түсінемін. Енді менің осы қол жетпес арманыма қалай жеткеніме тоқталып өтейік.
Ата-анам мені бірінші сыныпқа үш тілде оқытатын №2 "Мұрагер” мектебіне берді. Тоғыз жыл білім алып, кейін жаңадан ашылған Назарбаев Зияткерлік мектебіне түстім. "Мұрагер” мектебіне айтар алғысым шексіз, маған білім нәрімен сусындатқан, мінез-құлқымды да қалыптастырған осы мектеп деп санаймын. Үйдің еркесі болғандықтан, өзім бастауыш сыныптан жалқаулау болатынмын. Сынып жетекшім Ләззат Жеңісқызы әрдайым "Сен оқысаң үлкен белестерді бағындыратын қызсың!” деп айтатын. Алтыншы сыныбымнан ғылыми жобаларға қатысып, жүлделі орындарға ие болдым. Сегізінші сыныбымда физикадан қалалық олимпиадаға қатысатын кезде жазатайым көлік апатына ұшырадым. Келесі жылы өз арманыма жетейін деп, қайтадан бағымды сынап көрдім. Тоғызыншы сыныбымда қалалық олимпиададан физикадан бірінші, облыстық олимпиададан үшінші орынды иелендім. Сол сәтте ешқашан сүрінбей, тек алға ұмтылу керек екенін түсіндім. Жоғары сыныптарды Назарбаев Зияткерлік мектебінде жалғастырдым Алайда, бұл мектепте қалалық, облыстық олимпиадаларға қатысуға рұқсат бері лген жоқ. Бұл мектепте ағылшын тілін тереңдете түстім. Кейін мектепті «Алтын белгімен» тәмамдадым. Мектеп өмірі мен үшін ең керемет кездерім деп ойлаймын.
Тағы бір сол мектептегі кездерге оралсам деп те армандаймын. Міне, енді студенттік өмірге қадам бастым. Қазір Венгрия елінде білім алудамын.
Бұл өмірде алға деген ұмтылыс болса, адамзат кез келген белесті бағындыра алады! Туған жерден жырақта жүріп білім алу мен үшін өмірдің жаңа парағындай. Шет елдегі өмірімнің әрбір күні қызыққа толы. Қоршаған орта, тамақ, оқу үрдісі – бәрі мен үшін жаңаша. Студенттік өмір әлі де өз қызықтары мен жетістіктерімен мені қуантады деген үміттемін.
Әйгерім ЖОЛМЫРЗА