МЕМЛЕКЕТТІҢ АСА МАҢЫЗДЫ ТАРАПТАРЫН РЕТТЕЙТІН НЕГІЗГІ ЗАҢ
Биыл Қазақстан Республикасы Конституциясының қабылданғандығына 21 жыл толады. Сондықтан осы мақала Конституцияның заманауи қоғамда атқаратын рөлінің негізгі материалын ашуға арналған.
«Конституция» сөзі латынның constitutio — тағайындау, құру, ұйымдастыру деген сөзінен пайда болған. Ежелгі Римде императорлық биліктің жаңа тәртіптерін шығаратын жеке актілер конституция деп аталған. Алайда бұл терминнің заманауи мағынасы буржуазиялық мемлекеттер пайда болған кезеңде туындай бастады, ол кезеңде конституцияның көмегімен бірқатар елдерде буржуазиялық тәртіптер құрылған болатын. Қазіргі таңда мемлекеттің конституиясы заңды құжат ғана емес, сондай-ақ саяси және идеологиялық сипатқа ие құжат болып табылады. Конституцияның басқа заңдардан айырмашылығы:
а) негізге алынатын акт болып табылады (конституция мемлекеттік құрылымның, негізгі құқықтың және еркіндіктің негіздерін нығайтады, мемлекеттің нысанын, мемлекеттік биліктің жоғарғы органдарының жүйесін анықтайды, яғни іс жүзінде мемлекетті «құрады»);
б) құқықтың негізгі дереккөзі болып табылады, ағымдағы заңнама үшін база қызметін атқарады (қалған заңдар конституцияның қағидаттарына сүйеніп, оның нормаларын өрбітеді);
в) жоғары заңды күші бар (барлық ағымдағы заңнамалар конституциялық қағидаларға қайшы келмеу керек, ал заңдар мен басқа заңнамалық актілер конституцияда белгіленген органдармен және тәртіпте қабылданады);
г) тұрақтылығымен ерекшеленеді, өйткені мемлекеттік құрылыстың негіздерін нығайтады;
д) қабылдау мен өзгертудің ерекше тәртібімен сипатталады (басқа заңдармен салыстырғанда қиындатылған).
Конституция — қоғамның мәдени өмірінің маңызды факторы, осы қоғамға тән рухани-мәдени құндылықтардың пайымдамасы. Конституция қоғам мәдениетінің маңызды элементі, оның дамуы мен деңгейіне социумның сапалық күйі, оның үдеуі тәуелді болады. Рухани-иедологиялық атқарым ҚР Конституциясының қоғамның рухани өмірінің саласына, халықтың саяси және құқықтық түйсігінің қалыптасуына, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық және діни төзімділік қағидаттарын нығайтуға ететін әсерін ашады. Конституцияның рухани-идеологиялық атқарымы құқықтық фактормен қатар қоғамдық және мемлекеттік өмірдегі адамгершілік, психологиялық, мәдениеттану факторларынан тұрады.
ҚР Конституциясына мемлекеттің сыртқы саяси қызметінің негізі енгізілген. Осы атқарымның рөлі заманауи әлемде интеграциялық үдерістердің дамуы, халықаралық құқық нормаларының рөлінің артуы, адамзаттың әділ әлемдік тәртіпке ұмтылуы шамасына қарай арта түседі.
Осылайша конституция қоғамның өмірінде орасан зор рөл атқарады, конституциясыз қазіргі таңдағыдай толыққанды дамыған ел болмайтын едік деген қорытынды жасай аламыз.
Қ. ШӘКИЕВ,
Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі
мамандандырылған ауданаралық сотының жетекші маманы