ОБЛЫС ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!
Қызылорда облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасы қазіргі уақытта ЭКСПО - 2017 билеттерінің tickets.expo2017astana.com ресми сайтында онлайн – сатылымы жүріп жатқанын хабарлайды.
Ағымдағы жылдың 10 маусымынан бастап сатып алушыларға әртүрлі бағадағы билеттердің бірнеше түрі қолжетімді болды – жұмыс және демалыс күні мерзімі нақтыланбаған немесе нақтыланған билет.
Билеттің әр түрі бағасымен ғана емес, Көрмеге кіру шарттарымен де ерекшеленеді. Жұмыс немесе демалыс күнге нақтыланған мерзімі бар билетпен Көрмеге билетте көрсетілген күні ғана кіруге болды. Ал мерзімі нақтыланбаған билет Көрмеге кез келген күні баруға мүмкіндік береді (билетте «демалыс» немесе «жұмыс» күніне арналғаны көрсетіледі).
Мерзімі нақтыланбаған билет сатып алған жағдайда, Сізге электронды поштамен сатып алуды растайтын құжат жолданады – «Сатып алуды растау». Аталған «Сатып алуды растау» құжатын міндетті түрде нақтыланған мерзімі бар билетке айырбастау қажет. Ол әрекетті Көрмеге баруға жоспарланған күннен бір күн бұрын билет сату сайтында ашылған жеке кабинет арқылы немесе ЭКСПО-2017 көрмесіне билет сататын ресми кассаларда істеуге болады. Аталған қызмет 2017 жылдың 1 ақпанынан бастап қолжетімді болады.
Сонымен бірге, Көрмеге Ұлы Отан соғысына қатысқандар мен мүгедектер, мүмкіндігі шектеулі тұлғалар, жетім балалар және 6 жасқа дейінгі балалар еркін кіретін болады. Сондай-ақ, зейнеткерлер, көп балалы аналар, студенттер мен оқушылар үшін арнайы жеңілдікті билеттер қарастырылған.
2016 жылы бойы және 2017 жылдың 9 маусымына дейін билеттерді алдын ала сату іске қосылды. Ал 10 желтоқсаннан бастап билеттердің оффлайн сатылымы басталады.
Билет түрлері жайында барлық мәліметті tickets.expo2017astana.com сайтынан білуге болады.