ҚАЗАЛЫ ПРОКУРАТУРАСЫ ҮНДЕУ ЖАРИЯЛАДЫ
Еліміздің ертеңі жарқын болуы үшін, алдымен, ел азаматтарының қаны таза, , ұрпағымыз жат қылықтардан аулақ болуы тиіс. Қазіргі таңда статистикалық мәліметтерге сәйкес суға батқан адамдардың көпшілігінің мас күйінде болатынын, әрбір бесінші жол-көлік оқиғасының ішімдікке байланыстылығын, кісі өлтіру мен зорлықтың едәуір үлесінің мас күйінде жасалатындығын көрсетіп отыр.
Осындай келеңсіз жағдайдың орын алуына себебі ретінде - сауда және азық-түлік дүкендерінде заңнамамен шектелген тыс уақыттарда алкогольдік ішімдіктің сатылуы болуда.
Осыған байланысты, біршама визуалды тексерулер жүргізіліп, шешім қабылданып, шешім қабылдау үшін сотқа жолданған.
Жоғарыдағылардың негізінде, құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында, Қазақстан Республикасы Конституциясының 83-бабын, Қазақстан Республикасының «Прокуратура туралы» Заңының 25-2-бабын басшылыққа ала отырып аудан прокуроры әділет кеңесшісі Ғалым Қайырбекұлы Едігеев аудандық сауда және азық-түлік дүкендері, ішкі сауда егелерінің назарына төмендегідей үндеу жариялады.
1. Жиырма бір жасқа дейінгі адамдарға алкоголь өнімін өткізу – тиісті қызмет түріне лицензияның қолданысын тоқтата тұрып, жеке тұлғаларға – он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – сексен, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет – тиісті қызмет түріне лицензиядан айыра отырып, жеке тұлғаларға – жиырма, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – сексен, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Мейрамханаларда, барларда және дәмханаларда өткiзудi қоспағанда, алкоголь1өнiмiн: сағат 23-тен келесі күнгі сағат 8-ге дейiн;
этил спиртінің көлемді үлесі отыз пайыздан асатындарын сағат 21-ден келесі күнгі сағат 12-ге дейін бөлшек сауда арқылы өткiзу – тиісті қызмет түріне лицензияның қолданысын тоқтата тұрып, жеке тұлғаларға – он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – сексен, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет – тиісті қызмет түріне лицензиядан айыра отырып, жеке тұлғаларға – жиырма, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – сексен, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғатындығы туралы назарларыңызға саламын.
Прокуратураның баспасөз қызметі