ҚЫЗМЕТТІК ӘДЕП НОРМАЛАРЫН САҚТАУ – МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІҢ БАСТЫ МІНДЕТІ
«100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру аясында Мемлекеттік қызметшілердің жаңа Әдеп кодексі қабылданып, этикалық нормаларды бұзуға әкелетін және жемқорлық құбылыстар туындататын жағдайлардың алдын алу бойынша шаралар қарастырылған.
Бұл Кодекс мемлекеттік қызметшілердің моральдық-әдептілік бейнесіне қойылатын жалпы қабылданған талаптарды, сондай-ақ олардың мінез-құлқының негізгі стандарттарын белгілейді және халықтың мемлекеттік органдарға сенімін нығайтуға, мемлекеттік қызметте өзара қарым-қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.
Кодексте мемлекеттік қызметшілердің ұстануы тиіс мінез- құлықтарының жалпы стандарттары мен қызметтен тыс уақыттағы мінез-құлық стандарттары бекітілген.
Жалпы стандарттарға: мемлекеттік қызметшілердің өздері қабылдайтын шешімдердің заңдылығы, әділдігін және ашықтығын қамтамасыз ету, жеке сипаттағы мәселелерді шешу кезінде өзінің қызметтік жағдайын пайдаланбау, іскерлік әдепті және ресми мінез-құлық қағидаларын сақтау жатады.
Яғни мемлекеттік қызметшілер азаматтармен, ұжымда сөз сөйлеуде сыпайылық пен әдептілікті ұстануы қажет. Өз кезегінде, халықпен өзара қарым-қатынасының негізгі көрсеткіші мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы болады. Сондықтан, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша тұрақты түрде шаралар қабылдау, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тұтынушысы ретінде халықтың сұранысына бағдар ұстану талаптарын қояды.
Мемлекеттік қызметші өзінің әдепсіз мінез-құлықы мемлекеттік аппаратқа деген сенімді бұзатынын түсіне отырып, оған жүгінген азаматтардың әрбір мәселесіне ұқыпты қарап, шешім қабылдау барысында уақыттылығын, заңдылығын және әділдігін қамтамасыз ету қажет.
Жалпы Кодекс мемлекеттік қызметшілердің мәдениетіне ғана емес, сондай – ақ қызметтік міндеттерді орындау мәдениетіне де талаптар қойды. Бұл нені білдіреді. Қазіргі таңда барлық өңірлерде Әдеп жөніндегі кеңестер жұмыс жасайды. Олар өз кезегінде мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын бұзушылықтарын ғана емес, сонымен қатар, мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтарды, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау қорытындыларын, мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманы бұзушылықтардың профилактикасы бойынша жұмысының нәтижелерін қарайды.
Жыл басынан бері Әдеп жөніндегі кеңестің 6 отырысы өтіп, 34 мәселе қаралды. Оның 24-і мемлекеттік қызметшілерге қатысты тәртіптік істер болса, 6 мемлекеттік орган басшыларының, аудан әкімдерінің мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманы бұзушылықтардың профилактикасы бойынша жұмысының есептері тыңдалды. Қаралған тәртіптік істер нәтижесімен 14 мемлекеттік қызметшіге тәртіптік жаза қолдану жөнінде ұсыныс берілді.
Стандарттың екінші түрі ол – арнайы стандарттар. Олар қызметшілердің мінез-құлық ережелерін өзге жағдайларда: қызметтен тыс уақытта, әріптестер арасындағы қызметтік қатынастар, көпшілік алдында сөйлеумен байланысты мінез-құлық стандарттарын белгілейді.
Яғни, мемлекеттік қызметшілер қызметтен тыс уақытта да жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын ұстануға, қоғамға жат мінез-құлық, оның ішінде қоғамдық орындарда адамның қадiр-қасиетiн және қоғамдағы адамгершілікке нұқсан келтіретін масаң күйде болу жағдайларына жол бермеуге тиіс. Дегенмен, бұл талаптар кейбір мемлекеттік қызметшілер тарапынан сақталмайды.
Мәселен, ағымдағы жылдың 6 айында Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі органның мәліметіне сәйкес облыста 6 мемлекеттік қызметшінің қоғамдық орындарға адамның қадiр-қасиетiн қорлайтын масаң күйде жүргендігі үшін, 3 мемлекеттік қызметшінің көлік құралын алкогольдік мастану күйінде басқарғаны үшін әкімшілік айыппұлдар салынғаны белгілі болды.
Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері департаментінің ұсынысымен аталған мемлекеттік қызметшілердің 3-не «қатаң сөгіс», 4-не «қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту» түріндегі тәртіптік жазалар қолданылды.
Ал, басшылық лауазымдағы 2 қызметкердің тәртіптік істері Әдеп жөніндегі кеңесте қаралып, кеңес шешімімен тәртіптік жаза қолдану ұсынылды.
Сонымен қатар, Департамент тарапынан «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру барысын, жаңа қабылданған заңнамаларды, соның ішінде мемлекеттік қызметшілердің жаңа Әдеп кодексін түсіндіру бойынша әртүрлі мақсатты топтар арасында түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.
Сондай-ақ, жаңа заңнамаға сәйкес осы жылдан бастап Әдеп жөніндегі уәкіл институты енгізілді. Әдеп жөніндегі уәкіл қызметтік әдеп нормаларының сақталуын және мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама мен Әдеп кодексі бұзушылықтарының профилактикасын жүзеге асыратын, өз функциялары шегінде мемлекеттік қызметшілер мен азаматтарға консультация беретін лауазым иесі.
Қызылорда облысының жергілікті атқарушы органдарының Әдеп жөніндегі уәкілі болып Қызылорда облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары Руслан Ысқақов бекітілді.
Берікбол БАЙХОЖАЕВ,
Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері
департаменті басшысының орынбасары,
Әдеп жөніндегі кеңес хатшылығының меңгерушісі