БӘСЕКЕЛЕСТІК – НАРЫҚТЫ ДАМЫТУДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛЫ
Нарықтық заманда өндірісті дамытудың негізгі жолы бәсекелестік екендігі белгілі. Онсыз экономиканың дамуы мүмкін емес. Еліміз нарыққа көшкен уақыттан бастап осы бағытқа ерекше назар аударылып, бәсекелестікті қорғау монополияға қарсы орган жұмыс жүргізіп келеді.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау Комитетінің Қызылорда облысы бойынша Департаменті теріс монополистік қимылдарға қарсы жұмыс жүргізетінін айтып өткіміз келеді. Монополияға қарсы органның мақсаты — бәсекелестік саладағы мемлекеттік саясатты іске асыру, нарық субъектілерін және тұтынушыларды монополистік қызметтен қорғау.
Бәсекелестік бар жерде нарық дамиды. Бұл тауарлар мен қызмет бағасының төмендеуіне, олардың сапасының артуына, түрлі ғылыми жаңалықтардың ашылып, ел экономикасының дамуына ықпал етеді. Облысымызда мемлекеттік органдардың қатысуымен құрылатын кәсіпорындар көп. Оларға мемлекеттік кәсіпорындар, мемлекеттің үлесі бар жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер мен акционерлік қоғамдар жатады. Бұлар мемлекет қаржысы арқылы жұмыс жүргізеді және жеке кәсіпкерліктерге қарағанда бәсекеге қабілетті.
ҚР Кәсіпкерлік кодексінің 192-бабына сәйкес мемлекеттің кәсіпкерлік қызметке қатысуының негіздері:
1) Мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігін, қорғаныс қабілетін немесе қоғам мүдделерін қорғауды қамтамасыз етудің өзге мүмкіндігі болмаған;
2) Мемлекеттік меншіктегі стратегиялық объектілер пайдаланылған және күтіп-ұсталған;
3) Мемлекеттік монополияға жатқызылған салалардағы қызмет жүзеге асырылған;
4) Мемлекеттік саясаттың тиімділігін талдау және оны жетілдіру жөнінде ұсыныстар тұжырымдау үшін құрылатын ұйымдар қызметті жүзеге асырған;
5) Тиісті тауар нарығында ұқсас не өзара алмастырылатын тауарды өндіруді және (немесе) өткізуді жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектісі (субъектілері) болмаған;
6) Даму институттарын, қаржы ұйымдарын басқару жүйесін оңтайландыру және ұлттық экономиканы дамыту жөніндегі шаралар шеңберінде құрылған ұлттық басқарушы холдингтің құрылған үлестес тұлғалары қызметті жүзеге асырған;
7) Осы Кодексте, Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарында немесе Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларында тікелей көзделген жағдайларда кәсіпкерлік қызметке қатысады.
Өз қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорындарды, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғаларды және олармен үлестес тұлғаларды құру монополияға қарсы органның келісімімен жүзеге асырылады делінген.
Сонымен қатар монополияға қарсы орган, егер мұндай құру бәсекелестікті шектеуге әкелетін болса, өз қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорынды, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғаны және онымен үлестес тұлғаны құруға келісім беруден бас тартады;
Осыған сәйкес өз қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорындардың, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалардың және олармен үлестес тұлғалардың монополияға қарсы органның келісімінсіз құрылған, кеңейтілген және (немесе) жүзеге асырылатын қызмет түрлері өзгертілген жағдайда, монополияға қарсы орган көрсетілген әрекеттерге сот тәртібімен шағым жасайды.
Кез келген мемлекеттік кәсіпорын құрылар алдында Жарғысында көрсетілетін қызмет түрлеріне монополияға қарсы органның келісімін алуы қажет. Егер кәсіпорын заң талабына сай болмаса нарықта қызмет ете алмайды.
Осы ретте департаментке ағымдағы жылдың 1 жартыжылдығында 4 мемлекеттік кәсіпорын келісім беруді сұрап өтінішхат ұсынған. Кәсіпорын бәсекелестік дамыған ортадаға жатуына байланысты 1 мемлекеттік кәсіпорынға келісім беруден бас тартылған.
Қызылорда облысы табиғи монополияларды реттеу
және бәсекелестікті қорғау бойынша департаменті