СОТ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЖАҢАШЫЛДЫҚ
Мемлекетіміздің басшысы жариялаған «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарына сәйкес сот жүйесінде жүргізіліп жатқан реформалардың мән-маңызы бес буынды сот жүйесінен үш сатылы сот жүйесіне көшу, судьялық лауазымға кандидаттарға қойылатын біліктілік талаптарын күшейту, Жоғарғы Сот жанынан Сот төрелігі академиясын құру, судьялардың жаңа Әдеп кодексін әзірлеу, Сот жюриінің жұмысын жаңғырту, тергеу судьяларының өкілеттігін арттыру, алқабилер соты қарайтын істер қатарын кеңейту секілді мәселелердің іс жүзінде орындалып жатыр. Осы аталған жоспарға сәйкес, 11 қадамның барлығы да заңды түрде реттелді. Яғни, уақыт талабына толық сәйкес келетін жаңа Азаматтық процестік кодекс пен «Жоғары Сот кеңесі туралы» жаңа заң қолданысқа енді. «Сот жүйесі және судьялардың мәртебесі туралы» Конституциялық заңға, Қылмыстық-процестік кодекс пен Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекске тиісті өзгерістер енгізілді. Осылайша, бүгін барлық деңгейдегі соттар жаңа қылмыстық және қылмыстық процестік заңнама бойынша жұмыс істеуде. Үш буынды сот жүйесі Еуропаның көптеген дамыған елдерінде қалыптасқан үрдіс. Мұндағы басты мақсат – азаматтарды әуре-сарсаңға салмай, сот әділдігіне қол жетімділікті арттыру болып табылады. Ол дегеніміз – үш сатылы сот жүйесі іс бойынша сот шешімінің жедел қабылдануына негіз қалайды.
Судьялардың қате шешім шығаруы мен сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу мақсатында Елбасының тапсырмасына сәйкес, Жоғарғы Соттың жалпы отырысында Сот жюриінің жаңа құрамы бекітілген. Құрам біліктілік және тәртіптік комиссиялардан тұрады. Олар жұмыс істеп жүрген судьяның кәсіби қызметіне баға береді. Біліктілік комиссиясы 7 судьядан тұрады, олардың құрамында облыстық соттардың екі судьясы, Жоғарғы Соттың екі судьясы және доғарыста жүрген бұрынғы үш судья болады. Осы біліктілік алқасы судьялыққа үміткерлер бір жыл тағы¬лымдамадан өткеннен кейін, олардан біліктілік емтиханын қа¬был¬дайды. Ал судьялық қызметке тବға¬йындалғандар бес жылдан кейін осы біліктілік алқасында тағы да ем¬тихан тапсырады. Сондай-ақ, аудан¬дық соттардың төрағаларына, облыстық соттардың алқалық төр¬аға¬ларына және облыстық соттар¬дың төрағалары лауазымдарына тағайындалатын адамның да осы біліктілік алқасында емтихан тапсыруы қарастырылып отыр. Бұл дегеніміз, судьялардың кәсіптік деңгейі үнемі бақылауда болады деген сөз.
Сонымен қатар, төрт жыл сайын өтетін судьялар съезі үстіміздегі жылдың қазан айында кезектен тыс өтіледі деп жоспарланып отыр. Онда қабылданады деп күтіліп отырған судьялардың әдептілігін де бақылайтын жаңа Әдеп кодексінің жобасы қазіргі уақытта дайын. Бұл Кодекстің бір ерекшелігі, азаматтар судьяның іс-әрекеттеріне көңілдері толмаған жағдайда, Жоғарғы Сот жанындағы Сот жюриіне шағымдануға құқылы. Мұны аз десеңіз, осыларға қоса Судьялардың этикалық кодексінде судьяларға Президент, халық тарапынан қойылған талаптардың барлығы ескерілді. Кодекс жобасы Бангалор қағидаты мен ең үздік халықаралық тәжірибенің негізінде жасалды.
Бангалор қағидаты 26 қараша 2002 жылы Гаага қаласында қабылданған. Ол 6 көрсеткіш негізінде жасалған
1. Тәуелсіздік
2. Объективтілік
3. Адалдық және сатылмаушылық, тұрақтылық, қиянатқа бармайтындық
4. Этика нормаларын сақтау
5. Тең құқықтық
6. Біліктілік және ынталылық.
Жоба 5 тарау және 33 баптан тұрады. Ал қазіргі қолданыстағы «Судья әдебінің кодексі» 9 баптан тұрады. Бұл дегеніміз судьяларға қойылып отырған қағидаттардың қатаңдағанын білдіреді.
Жоғарғы Сот төрағасы Қайрат Әбдіразақұлы Мәми «Қазіргі судьялар ұлы билеріміздің әділ сотта көрсеткен үлгі-өнегесінен мол тағылым алуына еш кедергі жоқ. Біз қай жағынан да Төле би, Қазыбек би, Әйтеке бидің әділ билігінен таймауы¬мыз керек. Бізге ең бастысы – осы ұлы билер қалдырып кеткен әділ биліктің өнегелі жолы», деп атап өтті. Судьялар осы аталған талаптарға сай келіп, халық сенімін ақтауға барынша күш-жігерін салады.
Асхат САБЫРОВ,
Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі
мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы