АТҚАРУШЫЛЫҚ ӨНДІРІС МӘСЕЛЕСІНЕ ҚАТЫСТЫ АЛҚА ОТЫРЫСЫ ӨТКІЗІЛДІ
Қызылорда облысының прокуроры Халидулла Дәуешовтің төрағалығымен алқа отырысы болып өтті. Күн тәртібінде облыстық Әділет департаментінің аумақтық бөлімдерінде атқарушылық іс жүргізуде мемлекет пайдасына қаржы өндіруде құжаттардың орындалуына жүргізілген тексеру барысында анықталған заңдылықты бұзушылықтар мәселесі қаралды.
Нақтыласақ, борышкерлерден сот үкімі бойынша 6 млн. астам айыппұл өндіру жөніндегі 33 құжаттардың жоғалу дерегі анықталып, сотқа дейінге тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде, 88 құжат бойынша 85 млн. астам айыппұлдар 2010 жылдан төленбей, қылмыстық жазаның орындалуы қамтамасыз етілмеген, 2009 жылдан 173 құжаттар бойынша мүліктер мемлекет пайдасына тәркіленбеген, мүліктерді саудада сату барысы дұрыс ұйымдастырылмаған.
Мысалы, борышкер Ш.Нурдильдаевадан сот үкімімен 190950 теңге айыппұл өндіру туралы құжат 2013 жылдан қозғалыссыз қалған, атқару әрекеттері жүргізілмеген. Осындай заңдылықты бұзушылықтар С.Кошкинбаевтан 160800 (03.01.2013ж.), Б.Шахановтан 1132000 (04.01.2013ж.), Р.Лимнен 970800 теңге (18.12.2013ж.) өндіру жөніндегі және тағы басқа барлығы 31 құжаттарда орын алған.
Прокурорлық қадағалау актілерінің негізінде 2015 жылы мемлекет пайдасына 381 млн. теңгеден артық қаржы өндірілсе, ағымдағы жылдың өткен мерзімінде 160 млн. астам қаражат өндіріліп, заңнамаға қайшы 7 актінің күші жойылып, енгізілген 58 ұсыныспен 29 лауазым иелері тәртіптік, 59 борышкерлер әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Сот актілерінің заңда белгіленген мерзімде орындалмауының бірше себептері айқындалды, олар,
Біріншіден, сот орындаушыларының атқару құжаттарын жылдан-жылға орындамай қызметте селқостық танытуы, құжаттардың жоғалу фактілері мен басшылық тарапынан ведомствалық бақылаудың жоқтығын көрсетті.
Екіншіден, қазір мемлекет тарапынан сот шешімін орындалуын оңтайландыру мақсатында сот орындаушылары заманауи жүйелермен қамтамасыз етілді, алайда, осы технологияларды пайдаланып, борышкерлердің мүліктерін қысқа мерзімде анықтап, мәжбүрлеп орындауды шараларын жеткілікті түрде қабылдамауда.
Үшіншіден, жекеленген жағдайларда кадрдың жиі ауысуы мен мамандардың тәжрибесінің аздығы сот актілерін орындауға кері әсерін тигізуде.
Қолданылған шаралармен қылмыстық істер бойынша сот үкімімен айыппұл тағайындалған борышкерлер бойынша жазаның бұлтартпастығын қамтамасыз етуде заңнамаларда реттелген тәртіппен жазаның басқа түрлеріне ауыстыру тәжірибесі қалыптасып, 38 борышкердің айыппұл жазалары жазаның бас бостандығы еркінен айыру, қоғамдық жұмысқа тарту сияқты түрлеріне ауыстырылған.
Жеке сот орындаушылары институтының дамуы мен олардың жұмысын үйлестірудегі Әділет департаментінің жұмысы талданып, тиісті бағыттар берілді. Алдағы уақытта жеке сот орындаушылар институтының дамуы негізінде сот актілерінің орындалу тиімділігінің артуы күтіледі.
Алқаны қорытындылай келе, облыс прокуроры алдағы кезеңде сот орындаушылардың жұмысын күшейтіп, басты бағыт-бағдарларды айқындап алып, осы бағытта түбегейлі шаралар қабылдауды қамтамасыз ету тапсырды.
Ботакөз СЕЙІЛ,
Қызылорда облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі