АРАЛ ӨҢІРІНЕ НАЗАР АУДАРСАҢЫЗДАР
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Геннадий Шиповских ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовке депутаттық сауал жолдады, - деп хабарлады ҚР Парламенті Мәжілісі аппаратының баспасөз қызметінен. Сауал мәтінін назарларыңызға ұсынып отырмыз.
Арал өңірінің табиғаты мен шаруашылық салаларының көне дәуірден бері келе жатқан үйлесімді даму ырғағын өткен ғасырдың екінші жартысында осы өлкеде орын алған экологиялық тоқыраудың бұзып жібергені баршаға мәлім.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың тікелей қамқорлығымен өңірдің экологиясын сауықтыру, экономикасын дамыту, халқының әлеуметтік жағдайын жақсарту бағытында келесі жобалар жүзеге асырылып келеді. Сонымен қатар өз шешімін таппай отырған бірнеше мәселелер де бар. Бүгінгі күні Арал ауданында 77 мың халық болса, соның ішінде 32 мыңнан астамы Арал қаласында тұрады. Арал қаласы орталығында 24 сор көл бар болатын. Оның 4-еуі көмілді. Тағы 4 көлді көму үшін тиісті жобалық-сметалық құжаттары дайындалып, мемлекеттік сараптамадан өтті. Осы 4 сор көлді көмуге 186 млн теңге қажет. Сорлар көмілсе экологиялық жағдай жақсарып, олардан бөлінетін иістер азайып, ауа-райы дұрысталып, адам денсаулығына жақсы әсері болады және құрғаған жерлерге құрылыстар, ойын алаңдары, гүлзарлар салынып, қала абаттанып көркейетін болады.
Арал өңірінде жылдың басым бөлігінде жел, дауыл болатындықтан көп жерлерде құм көшіп ауылдарды басуда. Арал ауданындағы құм басқан Ақеспе, Шижаға, Сазды, Қосаман ауылдық округтер айналасына сексеуіл көшеттерін отырғызу арқылы құм көшкініне тосқауыл жасауға болады. Нәтижесінде осы елді мекендер құм басу қаупінен құтылып, жол қатынасы жақсарады және халықтың өмір сүруіне жағдай жасалып, олардың әлеуметтік -тұрмыстық деңгейі артар еді. Құм көшкінін тоқтату үшін құмда өсетін сексеуіл, жыңғыл, дүзгін егуге қаражат қаралуы тиіс деп есептейміз.
Назар аударатын мәселенің бірі - Арал теңізінен және көлдер жүйесінен Қытай ауларымен балық аулау. Осының салдарынан қазіргі кезде күрделі экологиялық жағдай туындап отыр. Қытай аулары құрылған теңіз бен көлдерде судан алынбай қалған балық өлекселері көбейіп кетті. Себебі бұл аулар капрон аулар сияқты емес, суда шірімей ұзақ сақталады. Сондықтан осы аулар құрылған жерлерді тазалаудың тиісті іс-шаралары қарастырылып, теңіз және көлдердегі табиғат пайдаланушыларға Қытай ауларын қолдануға заң жүзінде салуға тиым салынуы қажет деп санаймыз.
Құрметті Кәрім Қажымқанұлы! Жоғарыда көрсетілген мәселелерді жан-жақты қарап, мәселелерді шешу үшін республика бюджетінен тиісті қаражаттың бөлінуіне ықпал жасауыңызды және осы мәселелер бойынша «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңына сәйкес жазбаша түрде жауап беруіңізді сұраймыз.