БІЗДІҢ ДІНИ ҰСТАНЫМЫМЫЗ ЕЛ БІРЛІГІ БОЛУЫ ТИІС
Қысқа балақ, жарасымсыз сақалдыларды байқамаған сыңай танытып, құқықтық шектеу арқылы жауапқа тарта алмай келе жатырмыз. Бүгін Парламент Сенатының жалпы отырысында елдегі діни ахуалға қатысты мәселе көтерген сенатор Мұрат Бақтиярұлы осылай айтты, - деп жазады «Қазақпарат».
Сөз арасында депутат қасиетті Рамазан айының басында Ақтөбе қаласында орын алған теракті салдарынан жазықсыз жандардың қаза табуы барша қазақстандықтарды дүр сілкіндіргенін атап өтті. Оның пайымынша, бұл діни ағымның артында мол қаржы мен сұрқия саясат тұрғаны ақиқат. «Елімізде дәстүрлі емес саясиланған ислам ықпалына үйірушілердің діни ұстанымдары біздің ұлтымыздың мыңдаған жылдар бойы ұстанып келе жатқан дәстүрлі дінімізге мүлдем қайшы, көп жағдайларға агрессиялық сипатта көрінеді. Өкінішке қарай, қасиетті дінімізді күнкөрістің тәсіліне, текетірестік пен өшпенділіктің айласына айналдырған дәстүрлі емес діни ағымдар күнделікті өмірде көрініс беріп жатыр.
Кейбір мешіт алдында түрі қазақ, бірақ қазаққа мүлдем жат, арабтанған бейнесімен жарнама жасап тұрған теріс ағымдағы бауырларымызды, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының имамының уағызын құлаққа ілмей, ашықтан ашық наразылық танытып жүрген, қысқа балақ, жарасымсыз сақалдыларды осы кезге дейін байқамаған сыңай танытып, құқықтық шектеулер арқылы жауапқа тарта алмай келе жатырмыз. Осы орайда, ой-санасы әлі толық қалыптасып болмаған жастарымызды жат ағымдағы діни бағыттарға кімдер тартып жатыр, кім уағыз айтып жүр деген мәселеге назар аудару керек еді. Бұл барша қоғамды ойландыратын әрі жедел шара қабылдауды қажет ететін жағдай», деді сенатор.
Оның айтуына қарағанда, діни экстремизм мен жат ағымдардың еліміздің қай өңірінде болмасын таралуы діни сауатсыздықтан туып отыр. Сонымен қатар, депутат Қазақстандағы көптеген имамдардың діни сауаттылығын сынға алып, олардың шешендік өнері мен уағызының төмендігін, әңгімесінің өмірден тым алшақтығына налыды.
«Біздің діни ұстанымымыз ел бірлігі болуы тиіс. Олай болса, еліміздегі дәстүрлі емес жат ағымдарды шектейтін батыл саяси шешім, құқықтық реттеу, ақпараттық түсіндіру мен ғылыми сараптау, қоғамдық діни ой салаларына тұжырымдар тез арада жасалуы тиіс. Мәселен, Өзбекстан, Тәжікстан секілді бауырлас елдер тәжірибесінде олар өз тәуелсіздіктеріне қауіп төндіретін дәстүрлі емес барлық діни ағымға әлдеқашан заңды шектеу қойған. Сауатты имамдар даярлау, олардың біліктілігін арттыру арқылы имамдардың тек діни емес, зайырлы білім үйреніп, шешендігі, келбеті, жүріс-тұрысы көркем мінезділігіне мән берілсе. Мүмкін арнайы қор құру арқылы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты мешіттерде қызмет жасайтын барлық молдалар мен имамдарға айлық жалақыны төлеу жүйесін қолға алатын кез келіп жетті. Еліміздегі дәстүрлі дінімізге көлеңке түсіретін сайттардың, әсіресе «ВКонтакте» әлеуметтік желісіндегі жауапкершілікті барынша қатайту, қажет болса жауып тастау тетіктерін жасау керек. Еліміздің қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін радикалды діни ағымдағы көзқарасты мығым ұстанып, оны насихаттап жүрген азаматтарды мемлекеттік құрылым, орта және арнаулы оқу орындарына, бұқаралық ақпарат құралдарында жұмыс істеуіне тыйым салу керек», деді М. Бақтиярұлы.