ШЕКАРАДАН НЕ АЛЫП АЛЫП ӨТУГЕ БОЛАДЫ?
Шекарадан тыс жерлерге демалуға жиналған қазақстандықтарға кедендік шекарадан қандай тауарды өткізуге болатыны туралы түсінік береміз.
Кеден одағының аумағында бірыңғай тәртіп қолданылады. Оларға сәйкес әуе көлігімен өткізудің алымсыз нормасы 10000 еуроны құрайды және салмағы 50 килограмнан артық болмау керек. Егер сіз жер бетіндегі көлікпен немесе жаяу өткен жағдайда тауардың бағасы 1500 еуродан және салмағы 50 килограммнан аспаса, төлем төлемей өткізе аласыз.
Ақша құралдарына қатысты қолма-қол соманы, ол жол чектері болуы мүмкін, егер баламасы 10000 АҚШ долларынан аспаса, декларациялау қажет емес. Ал бағалы қағаздардың және вексельдердің иелері үшін олардың номиналды құнына байланыссыз, жазбаша декларациялау рәсімі міндетті.
Қолма-қол ақша қаражатының және ақша құралдарының шығу ресмилігін растаудың керегі жоқ. Осы ережелерді сақтау сізді әкімшілік және қылмыстық жауапкершіліктен құтқарады.
18 жасқа толған жеке тұлға үшін спирттік ішімдіктер мен темекі бұйымдарды еркін өткізу үшін ережелер белгіленген. 3 литр алкогольді ішімдіктерді, сыраны қосқанда, оларды өткізуге құқығыңыз бар. Бір жеке тұлғаға 200 темекі немесе 50 сигара (сигарилла) немесе 250 грамм темекі не жалпы салмағы 250 грамнан аспайтын көрсетілген бұйымдардың ассортиментін өткізу рұқсат етілген.
Азаматтар кез келген суретті, статуэтканы немесе тіпті иконаны шекара арқылы өткізуге құқы бар деп ойлайды. Бұл заттар мәдени құндылықтар болуы және оларды әкетуге тыйым салынған немесе шектелген болуы мүмкін. Ұнап қалған экспонатты Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің немесе оның аумақтық органдарының, осы затты әкетуге тыйым салынбағанын растайтын тиісті анықтамасы бар болған кезде өткізуге болады.
Төлемдерді төлемей, Сіз сондай-ақ кедендік құны 25000 АҚШ долларынан баламасынан аспайтын асыл металдар және асыл тастарды, 5 килограмнан артық емесе балық және теңіз өнімдері (бекіре тұқымдас балық түрлерінің уылдырығынан басқа), салмағы 250 граммнан көп емес бекіре тұқымдас балық түрлерінің уылдырығы, мөлшері 10 литрден аспайтын жеке пайдалануға арналған көлік құралдарының кәдімгі бактарындағы, сондай-ақ жеке ыдыстардағы отынды өткізе аласыз.
Сонымен бірге Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде кедендік бақылаудың жеңілдетілген жүйесі қолданылады, яғни «жасыл» және «қызыл» дәліздер жүйесі. Өзінде зат болған жағдайда қандай дәліз арқылы өтуге болатынын жолаушы өзі тандайды.
Жасыл дәліз жоғарыда біз айтқан жеке пайдалану үшін белгіленген өткізу нормалары аспағанда, тауарларды өткізетін жолаушыларға арналған.
Қызыл дәлізді міндетті жазбаша декларациялауға жататын тауарлар мен ақша құралдары бар жолаушылар өтеді.
Кедендік шекараны өтуге байланысты әрбір нақты жағдай бойынша Консультативті пункттерден ақпарат алуға болады, олар барлық өткізу пункттерінде және барлық кеден органдарында, сондай-ақ Комитеттің e.customs.kz ресми сайтында орналасқан.
Ардақ ҚАРЛЫХАНОВ,
Қызылорда облысы бойынша КБД
«Қызылорда-КРО» кеден бекетінің басшысы