ҚОЙЫЛЫМ КӨРЕРМЕН КӨҢІЛІНЕН ШЫҚТЫ
Қызылорда облыстық Н. Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театры және облыстық ішкі істер департаменті, Есірткі бизнесіне қарсы күрес департаментінің бірлескен жұмысы нәтижесінде «Қандыөзек» спектаклі көрермен назарына жол тартты.
Мәдени шараның мақсаты - Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күні қарсаңында есірткіден азат қоғамды қалыптастыру, жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, бүкіләлемдік зұлматқа айналып отырған дерттің кең етек жаюының алдын алу болды.
- Спектакль жоғары деңгейде өтті. Керемет әсер қалдырды. Алдағы уақытта осындай туындылар көбірек қоғамға ұсынылса деймін. Театр ұжымына алғысымды білдіремін дәл осындай өмірдегі ащы шындықты көз алдымызға елестеткені үшін, - деді ОІІД ЖҚАЖ-ның аға инспектор, полиция капитаны А.Батырханұлы.
Спектакльдегі оқиға нашақорлық жолына түсіп кеткен бозбаланың ғұмыры төңірегінде өрбіп, сол жанның трагедиялық өмірі мен өлімін суреттейді. Қойылым барысында әртістер нашақорлық қасіреті түгелдей бір отбасының бақытын жалмап кеткендігін, нашақорлардың тағдырын, келеңсіз өмірінің ащы шындығын көрерменге шебер жеткізе білді.
- Қойылым өте мағыналы, ашық, мақсаты белгіленген деймін. Жастарға сабақ болар деген ойдамын. Өзім бір спектакль соңында эмоцияға бөлендім. Осы қойылымның ұйымдастырушыларына шексіз алғысымды айтамын, - ОІІД МКҚБ-ның полиция сержанты Ж.Серікбаев.
- Спектакльдің тақырыбы өте жақсы таңдалған. Қазіргі күннің басты мәселелерінің біріне айналған бұл дертті әртістер өз ойынымен көрсете білді.Осындай мәдени іс-шаралар алдағы уақытта жиірек болады деген сенімдемін, - ОІІД МКҚБ-ның полиция сержанты М.Сауранбай.
Айта кету керек, көрермендер үшін тегін қойылған қойылым олардың көңілінен шығып, ризашылығына бөленді. Спектакль аяқталысымен көрермендер ол жайлы ой-пікір білдірді.
Шынар БЕКБАН