ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНДА КҮЗГІ ЕГІН ЖИНАУ НАУҚАНЫН ҚЫРКҮЙЕК АЙЫНЫҢ СОҢЫНА ДЕЙІН АЯҚТАУ ЖОСПАРЛАНУДА
Бұл туралы қала әкімдігінің тұрақты кеңесінде қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінің басшысы Ғалымжан Сопбеков хабарлады.
Қаланың ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері бойынша 2014 жылы барлығы 7023 гектар, оның ішінде 2910 гектар күріш, 67 га арпа, 10 га сұлы, 3 га бидай, 260 гектар жаңа жоңышқа, 1000 гектар картоп, 931 гектар көкөніс және 580 гектар бақша дақылдары егіліп, 1262 гектар ескі жоңышқа дақылы күтімге алынды. Өткен жылмен салыстырғанда барлық егіс көлемдері 306 гектарға артық орналастырылса, оның ішінде негізгі дақыл күріш егісінің көлемі 533 гектарға артық егілді.
Алдын ала жасалған кесте бойынша егілген 2910 га күріш алқабының суын тарту жұмыстары ағымдағы жылдың 15 тамызынан бастап жүргізіліп, бүгінгі күнге егістік суы толығымен тартылды.
Күріш жинау жұмыстары ағымдағы жылдың 5 қыркүйегінен басталды, 30 қыркүйекте аяқтау межеленуде.
Егін жинау науқанына 18 дана жаткалар, 27 дана комбайндар, 42 дана тракторлар, 20 дана трактор тіркемелері мен 6 дана автокөліктер қатысады деп күтіліп отыр. Қазіргі таңда қолда бар ауыл шаруашылығы техникаларының ішінде жатка, комбайындар, тракторлар, трактор тіркемелері мен автокөліктер, авто таразылар толығымен ағымдағы және күрделі жөндеулерден өткізілді.
Егін жинау жұмыстарына барлығы 540 тонна дизель отыны, 108 тонна автобинзин, 38 тонна қою май дайындалды.
Сонымен қатар 2014 жылдың жаз мезгілінде күріш дақылын күтіп-баптау жұмыстарын атқарылды, атап айтқанда егілген 2910 гектар күріш егісінің 2748 гектары үстеп қоректендірілсе, 2735 гектары, оның ішінде 168 гектары «Гуливер», 1735 гектары «Болливер» және 832 гектары «Номини» гербецидтерімен арам шөптерге қарсы өңдеу жұмыстары жүргізілді.
Қазақстан Республикасының «Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы» Заңын жүзеге асыру мақсатында қаланың 11 ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері бойынша 2014 жылы егілген 2910 гектар күріштің 100 пайыз көлемі сақтандырылды.
Қала бойынша егілген 2910 гектар күріш алқабының 576 гектары орылып, 305 гектары бастырылса, жиналуға тиісті 1000 га картоптың 751 гектары, 931 га көкөністің 806 гектары, 580 гектар бақшаның 565 гектары жиналды.
Қолда бар 1262 гектар ескі жоңышқа 2 рет орылып, 3632 тонна жоңышқа шөбі дайындалды. Мал азығын дайындау дайындау жұмыстары ағымдағы жылдың 1 қазанға дейін толық аяқталатын болады.
Сонымен қатар жыл сайын қаланың ауыл шаруашылығы саласына үкімет тарапынан қаржылай қолдау көрсетіліп келеді. Биылғы жылы да қаланың ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті жанар-жағар май мен басқа тауар-материалдық құндылықтардың құнын арзандатуға - 80,6 млн. теңге, қорғалған топырақ жағдайында өсірілген көкөністің түрлері бойынша - 57 525 теңге, минералдық тыңайтқыштың құнын арзандатуға - 29,1 млн. теңге, гербицидтердің құнын ішін ара - 6,1 млн. теңге, тұқым шаруашылығын қолдауға - 8,6 млн. теңге, суармалы суды жеткізу қызметтер құнын арзандатуға - 10,1 млн. теңге көлемінде барлығы 134,6 млн. теңге көлемінде бюджеттік субсидиялар төленді.
Мәжіліс қорытындысымен қала әкімі Нұрлыбек Машбекұлы сала басшыларына ауылшаруашылығы құрылымында күзгі егін жинау науқанын жоғары дәрежеде ұйымдастыруды және егін жинау науқанында жоғары көрсеткішке ие болған азаматтарды марапаттап, ынталандыру шарасын ұйымдастыруды тапсырды.