АУЫЛ ЖАСТАРЫН ШАҚЫРАМЫЗ
Қызылорда облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының "Ауыл жастарын әлеуметтендіру" әлеуметтік жобасы аясында «Асыл мұра – Орда» қоғамдық қоры 2018 жылдың 27 қыркүйек күні 10:00-17:00 аралығында Сырдария ауданының Ақжарма, Бесарық елді-мекенінде кездесу, қоғамдық қабылдау, спорттық шара мен семинар тренингтерін ұйымдастырады.
Іс-шараның бағдарламасы
1 | Кәсіпкерлік дағдылары бойынша семинар-тренинг ұйымдастыру (Стратегиялық басқару, маркетинг, жарнама және PR, Қаржылық менеджмент, тиімді сату және сатып алу жолдары) | Семинар тренинг | Сырдария ауданы Бесарық ауылы | 27.09.2018 жыл Сағат 15:00 |
2 | Жоғары сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру мақсатында арнайы сала мамандарын тарта отырып кездесулер ұйымдастыру | Кездесулер | Сырдария ауданы Бесарық ауылы | 27.09.2018 жыл Сағат 16:00 |
3 | Көшпелі қоғамдық қабылдаулар ұйымдастыру | Қоғамдық қабылдаулар | Сырдария ауданы Бесарық ауылы | 27.09.2018 жыл Сағат 15:00 |
4 | Ауыл жастары арасында спорттық сайыстар ұйымдастыру | Спорттық сайыстар | Сырдария ауданы Бесарық ауылы | 27.09.2018 жыл Сағат 17:00 |