ТАБИҒАТ АПАТЫНАН САҚТАНЫҢЫЗ
СУ ТАСҚЫНЫНА ДЕЙІН
күрделі құрылыстарды тек мемлекеттік өкілді органдардың рұқсаты бойынша салыңыз;
қауіпті жерде уақытша тұратын орындарды жасамаңыз;
азық-түлік, су, қажетті заттардың, дәрі-дәрмектердің және құтқару құралдарының қорын алдын ала қарастырыңыз;
құжаттарды дайындаңыз, егерде жас балаларыңыз болса, оларға аты-жөні, туылған жылы және мекен-жайы көрсетілген бирка жасаңыз;
өздеріңізге жақын орналасқан қауіпті орынды және оған жететін қысқаша жолды белгілеңіз;
хабарландыру дабылдарына, гидрометео мәліметтеріне назар аударыңыз;
жергілікті атқарушы органдарынан көшіру-жиналу пунктінің мекен-жайын анықтап алыңыз.
СУ ТАСҚЫНЫ ҚАУПІ КЕЗІНДЕ
газ және электр қуаты көздерін сөндіріңіз, құнды заттарды қауіпсіз орынға көшіріңіз;
электр энергиясының қосымша көздерін, алғашқы көмек көрсету құралдарын, су және азық-түлік қорын, радиоқабылдағыштарын, от жағу үшін спирттік плиталарды және дабыл беру үшін электршамдарын дайындап қойыңыз, автокөліктердің бактарын маймен толтырыңыз;
егер уақытыңыз болса, үйіңізді (пәтеріңізді) қорғауға шаралар жасаңыз (есік- терезелерді мықтаңыз, жоғарғы қабаттарға, үйдің төбесіне, шатырларға үй заттарын, ауылшаруашылығы құралдарын, жем-шөпті қауіпсіз орындарға көшіріңіз);
электр құралдары мен желілерді, газды судан қорғауға шаралар қолданыңыз;
көлікпен немесе жаяу болсын биік жерлерге орналасыңыз;
басқару органдарының қауіпсіз жерге көшіру туралы хабарландыруы мен ескертулерін мұқият орындаңыз;
көшіру туралы хабарды алысымен міндетті түрде көшіру-жиналу пунктіне барыңыз;
пәтерден (үйден) шығар алдында өздеріңізбен бірге қажетті құжаттарды, құнды заттар мен ақшаларыңызды, бірінші кезекте қажет болатын заттарды және 2-3 тәулікке жететін азық-түлік пен суды алып шығыныз;
қауіпсіз аймақтарға жіберу үшін, осы аудандарда орналасқан көшіру-жиналу пунктеріне барыңыз;
үйдегі малдарыңызға не салып, көшіру-жиналу пунктеріне айдап келіп, жауапты адамдарға тапсырыңыз, малдар да қауіпсіз аймаққа көшіріледі;
көшіру жиналу пунктерінің әкімшілігінің барлық нұсқауларын орындаңыз;
СУ ТАСҚЫНЫ КЕЗІНДЕ
төмен орналасқан жерден тез арада кету қажет, егер су басқан ауданнан шыға алмасаңыз, жоғарғы қабатқа, шатырдың үстіне, биік ағаштарға орналасыңыз;
басқару органдарының тиісті нұсқаулары келгенге дейін қауіпсіз орындарыңызда қалыңыз;
су ағынынан өз бетінше өтуге әрекет жасамаңыз. Су ағынының 15 см тереңдігі адамға қауіпті, ал 50 см тереңдігі әдетте көліктердің қозғалысын қиындатып, өте қауіпті болады;
қолдағы бар құралдарды: пластикалық заттарды, резинадан жасалынған баллондарды, ағаштарды және т.б. пайдаланылып, судан шығу амалын қарастырыңыз;
- көмек қажет болған жағдайда, үрейленбей, тыныштық сақтап, апат белгілерін беріңіз (жалаушалар, көліктің дыбыс белгілері, оқ атыңыз, от жағыңыз);
суда қалып қойсаңыз, үстіңіздегі ауыр киім мен аяқ киімдерді шешіңіз. Су баспаған учаскелерге ағын судың бұрышына туралап жүзу қажет, жүзу кезінде, су астындағы және судың бетіндегі қауіпті заттардан сақтаныңыз;
- зардап шеккен адамдарға шұғыл медициналық көмек қажеттігі кезінде, су мен азық-түліктің жоқтығы кезінде, жағдайдың кауіптілігі кезінде немесе құтқарушылардан көмек келетіндігі туралы күдіктенсеңіз, су басқан аумақтардан көшіру әрекеттерін жасау керек.
СУ ТАСҚЫНЫНАН КЕЙІН
Өз үйіңізді мұқиат тексеріңіз:
-фундаменттің тұтастығын
-қабырға, терезе, еденнің бүтіндігін
-газ және электр жүйелерін
-улы жыландардың болмауы мүмкіндігін
-зақымданған электр, газ жүйелерін қосуды мамандарға тапсырыңыз
-үйдің тұрақтылығына күдіксізденсеңіз, үйдің ішінде қалмаңыз
-азық-түліктің жарайтындығын тексеріңіз, суды қайнатып ішіңіз
-ашық от көздерін пайдалану қауіптігін есте сақтаңыз
-су тасқыны дүние мүліктеріңізге үлкен шығын келтірсе, жергілікті атқарушы органдарынан көмек сұраңыз.
Облыстық төтенше жағдайлар департаменті