ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!
Азық-түлік бағаларын тұрақтандыру мақсатында өткізілетін ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері кестесіне сәйкес 2017 жылғы 13 мамырда сағат 8:00-14:00 аралығында Төле би көшесінің бойында (ҚІІБ мен Жанқожа батыр көшесінің аралығы) қаладағы ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері мен кәсіпкерлері жәрмеңке өткізеді.
Дәл осындай жәрмеңке Сырдария ауданы ауылшаруашылығы тауарларын өндірушілерінің қатысуымен Жанқожа батыр көшесінің бойында (Реалбаза алды) ұйымдастырылады.
Бәріңізді жәрмеңкеге шақырамыз!