СУ ТАСҚЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ

Су тасқынына дейін
азық-түлік, су, қажетті заттардың, дәрі-дәрмектердің және құтқару құралдарының қорын алдын ала қарастырыңыз;
құжаттарды дайындаңыз, егер де жас балаларыңыз болса, оларға аты-жөні, туған жылы және мекен-жайы көрсетілген бирка жасаңыз;
өздеріңізге жақын орналасқан қауіпті орынды және оған жететін қысқаша жолды белгілеңіз;
хабарландыру дабылдарына, гидрометео мәліметтеріне назар аударыңыз;
жергілікті атқарушы органдарынан көшіру-жиналу пунктінің мекен-жайын анықтап алыңыз.
Су тасқыны қауіпі кезінде
газ және электр қуаты көздерін сөндіріңіз, құнды заттарды қауіпсіз орынға көшіріңіз;
электр энергиясының қосымша көздерін, алғашқы көмек көрсету құралдарын, су және азық-түлік қорын, радиоқабылдағыштарын өзіңізбен алып шығыңыз.
егер уақытыңыз болса, үйіңізді (пәтеріңізді) қорғауға шаралар жасаңыз (есік- терезелерді мықтаңыз, жоғарғы қабаттарға, үйдің төбесіне, шатырларға үй заттарын, ауылшаруашылығы құралдарын, жем-шөпті қауіпсіз орындарға көшіріңіз);
электр құралдары мен желілерді, газды судан қорғауға шаралар қолданыңыз;
басқару органдарының қауіпсіз жерге көшіру туралы хабарландыруы мен ескертулерін мұқият орындаңыз;
көшіру туралы хабарды алысымен міндетті түрде көшіру-жиналу пунктіне барыңыз;
пәтерден (үйден) шығар алдында өздеріңізбен бірге қажетті құжаттарды, құнды заттар мен ақшаларыңызды, бірінші кезекте қажет болатын заттарды және 2-3 тәулікке жететін азық-түліктеріңізді алып шығыныз;
қауіпсіз аймақтарға жіберу үшін, осы аудандарда орналасқан көшіру-жиналу пунктеріне барыңыз;
үйдегі жануарларыңызды көшіру-жиналу пунктеріне айдап келіп, жауапты адамдарға тапсырыңыз, үй жануарлары да қауіпсіз аймаққа көшіріледі;
көшіру жиналу пунктерінің әкімшілігінің барлық нұсқауларын орындаңыз.
Қызылорда облыстық төтенше
жағдайлар департаменті