МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ ЕРАЛЫ ТОҒЖАНОВТЫ ҚАБЫЛДАДЫ
Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаевқа өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы және Каспий маңы мемлекеттері басшыларының саммитіне дайындық барысы жөнінде есеп берілді.
Қазақстан Президенті саммитті өткізуге тыңғылықты дайындалу қажеттігін айтты.
– Ақтауда бес елдің делегациялары қатысатын Каспий маңы мемлекеттері басшыларының саммитін өткізу жоспарлануда. Осы кездесуге қатысты барлық ұйымдастыру мәселелерін пысықтау керек, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Сонымен қатар Ералы Тоғжанов өндіріс, құрылыс, ауыл шаруашылығы және инвестиция тарту салаларындағы мемлекеттік және салалық бағдарламалардың жүзеге асырылу барысын баяндады.
– Негізгі экономикалық көрсеткіштердің өсімі байқалып отыр. Сіздің қойған міндеттеріңіздің бәрі іске асырылуда. 2017 жылдың қорытындысы бойынша өңірдегі өндірістің көлемі 100,1 пайызға жетті, – деді Маңғыстау облысының әкімі.
Кездесу соңында Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді.