ЕЛБАСЫ ҚОРҒАНЫС ЖӘНЕ АЭРОҒАРЫШ ӨНЕРКӘСІБІ МИНИСТРІ БЕЙБІТ АТАМҚҰЛОВТЫ ҚАБЫЛДАДЫ
Кездесуде Қазақстан Президентіне министрлік тарапынан атқарылған кешенді ұйымдастыру шараларының нәтижелері мен V халықаралық «KADEX-2018» қару-жарақ және әскери-техникалық мүлік көрмесіне дайындық барысы жөнінде баяндалды.
Б.Атамқұловтың мәліметіне сәйкес, «KADEX-2018» халықаралық көрмесіне 48 елдің ресми делегациясы келеді. Көрмеде әлемнің 28 елінен 318 компания өз экспозициясын таныстыратын болады.
Сонымен қатар, Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Елбасыға мемлекеттік қорғанысқа қатысты тапсырыс пен қорғаныс өнеркәсібі саласындағы стратегиялық және нормативтік құқықтық құжаттардың әзірлену барысы туралы мәлімдеді.
Кездесу соңында Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар нақты тапсырма берді.