ЕЛБАСЫ ЖАРЛЫҒЫМЕН ТЕАТР АРТИСІНЕ «ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК ЕРІ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы
Ю.Б.Померанцевке жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі - «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын беру туралы ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:
1. Қазақстан Республикасының əлеуметтік-гуманитарлық дамуындағы аса үздік жетістіктері, белсенді қоғамдық қызметі, мəдениетті дамытудағы айрықша үлесі үшін «М.Лермонтов атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театры» РМҚК артисі Юрий Борисович Померанцевке жоғары дəрежелі ерекшелік белгісі - «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілсін.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2018 жылғы 3 мамыр № 678