ҚЫРҒЫЗСТАН ПРЕЗИДЕНТІ ҮКІМЕТТІ ОТСТАВКАҒА ЖІБЕРДІ
Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков бүгін «Қырғызстан Республикасы Үкіметінің отставкасы» туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Кабар агенттігі республика президенті аппаратының ақпараттық саясат бөліміне сілтеме жасап.
Президент Жогорку Кенештің Қырғызстан Үкіметіне сенімсіздік білдіруіне байланысты Қырғызстан Республикасы Конституциясының 85-бабы 6-бөлігі, «Қырғызстан Республикасының үкіметі туралы» заңының 13-бабы 1-бөлігі 5-тармағын басшылыққа ала отырып, Қырығызстан Республикасының үкіметін отставкаға жіберді.
Жарлыққа сәйкес, министрлер кабинетінің жаңа құрамы құрылғанған дейін Премьер-Министр, вице-премьер-министрлер, Үкімет мүшелері бұрынғы қызметтерін жалғастыра береді.
Президенттің Жарлығы қол қойылған сәттен бастап күшіне енеді.