АНАТОЛИЙ СМОЛИН ЖОҒАРҒЫ СОТ СУДЬЯСЫ ҚЫЗМЕТІНЕ КЕЛДІ
Бүгін Парламент Сенатының жалпы отырысында Анатолий Смолин Жоғарғы сот судьясы болып сайланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Сіздердің қарауларыңызға Мемлекет басшысының Жоғарғы сот судьясы қызметіне Анатолий Сергеевич Смолинді сайлау туралы ұсынымы енгізіліп отыр. А. Смолин бұған дейін Жоғарғы сот судьясы қызметін он үш жылдан астам уақыт атқарған болатын. Оның судьялық жұмыстағы жалпы еңбек өтілі 28 жылдан асып отыр», - деді ҚР Жоғарғы сот Кеңесінің төрағасы Талғат Донақов.
Айта кетейік, Анатолий Сергеевич 2015 жылдың желтоқсанынан 2018 жылдың сәуірі аралығында ҚР Жоғары сот Кеңесінің төрағасы лауазымын атқарды.
Палата депутаттары ұсынылған кандидатураны бірауыздан қолдады.