СИ ЦЗИНЬПИН: ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АРЕНАДА ЗОР БЕДЕЛГЕ ИЕ

Қытай Халық Республикасының Төрағасы өзінің хатында қайта сайлануымен құттықтағаны үшін Қазақстан Республикасының Президентіне шынайы ризашылығын білдіре отырып, Қытай мен Қазақстанның тату көрші әрі жан-жақты стратегиялық серіктес екенін атап өтті.
«Сіздің көреген басшылығыңыздың арқасында еліңіз әлеуметтік үйлесім мен тұрақтылықты сақтау, экономиканы дамыту және халықтың әл-ауқатын жақсарту ісінде мол жетістіктерге жетті. Бүгінде Қазақстан халықаралық аренада зор беделге ие болып отыр. Мен екіжақты қарым-қатынасты дамытуға ерекше мән беремін, табысты байланыстарымыз бен берік достығымды қадір тұтамын. Еліміз бен халқымыздың игілігі үшін жан-жақты стратегиялық әріптестікке бағытталған Қытай-Қазақстан қарым-қатынастарын жаңа деңгейге көтеру жолында Сізбен бірлесе күш жұмылдыруға дайын екенімді білдіремін. Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының саммитінде Өзіңізбен тағы да жүздесуді асыға күтемін», - делінген Си Цзиньпиннің хатында.