НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ «7-20-25» ИПОТЕКАЛЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫН ЖАРИЯ ЕТТІ
Бүгін ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды баспанамен қамтамасыз етуге бағытталған жаңа бағдарламаны жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Мен «7-20-25» бағдарламасын іске қосуды ұсынамын. Яғни, әрбір жұмыс істейтін қазақстандық теңгемен ипотекалық займды келесі шарттармен алу мүмкіндігіне ие болады. Аталған бағдарлама бойынша ипотекалық несиенің жылдық мөлшері 7 пайыздан аспайтын, бастапқы жарна 20 пайызға дейін, мерзімі 25 жылға дейін болады», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.