САҒЫНТАЕВ "ЭКСПО-2017" НЫСАНДАРЫН ПАЙДАЛАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕ КЕҢЕС ӨТКІЗДІ

Кеңес барысында көрме аумағында инновациялық экожүйе нысандарын, оның ішінде "Астана" Халықаралық қаржы орталығын, Astana Hub, Халықаралық АТ-Университетін, Халықаралық жасыл технологиялар орталығын орналастыру мәселелері қаралды.
Кеңесте "Астана Экспо-2017" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Е.Шорманов, Премьер-министрдің бірінші орынбасары А.Мамин, "Астана" Халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Қ.Келімбетов, Білім және ғылым министрі Е.Сағадиев, Ақпарат және коммуникациялар министрі Д.Абаев, Астана қаласының әкімі Ә.Исекешев сөз сөйледі.