ҮКІМЕТ МҮШЕЛЕРІНІҢ ЖҰМЫСЫНА ОҢ БАҒА БЕРДІ
Астанада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы басталды, деп хабарлайды BNews.kz.
Отырыс барысында еліміздің 2017 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары шығарылып, экономикалық өсімді қамтамасыз ету жөніндегі шаралар айқындалаып, алдағы жылдың жоспары талқыланады.
"2017-ші жыл дүниежүзі экономикасында оңай жыл болған жоқ. Үкіметтің жұмысы арқасында біз дұрыс нәтижелерге қол жеткіздік. Экономика өсімі 4%, ал инфляция 7% - біз үшін бұл жаңа деңгей. Сондықтан мен барлық Үкімет мүшелерінің жұмысына оң баға беремін. Алайда біз жаңа белестерді бағындыруымыз керек, өйткені мемлекеттік бағдарламаларды орындауда кемшін тұстар бар", - деді Мемлекет басшысы.
Кеңейтілген отырыс барысында Премьер-минстр, министрлік пен ведомство басшылары, облыс әкімдері баяндама жасайды.