ЕЛБАСЫ АҚПАРАТ ЖӘНЕ КОММУНИКАЦИЯ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТУРАЛЫ ЗАҢҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ
Бүгін Мемлекет басшысы ақпарат және коммуникациялар мәселелері жөніндегі заңнаманы жетілдіруге бағытталған Заңға қол қойды.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлап отыр.
«Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпарат және коммуникациялар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды», - делінген хабарламада.