ҮКІМЕТ БАСШЫСЫ «БӘЙТЕРЕК» ҰБХ ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫН ӨТКІЗДІ
Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен «Бәйтерек» ұлттық басқарма холдингі» АҚ Директорлар кеңесінің кезекті отырысы өтті.
Отырыс барысында Холдингті дамытудың 2017–2021 жылдарға арналған жоспары, 2018 жылға жоспарланған жылдық бюджеті талқыланды және қызметінің маңызды көрсеткіштерінің карталары түзетілді.
Сондай-ақ, холдингтің ақшалай қаражаттарын пайдалану туралы ақпарат пен сын-тегеуріндер бойынша есебі тыңдалды.