МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ «АРАЙ» СПОРТТЫҚ-САУЫҚТЫРУ КЕШЕНІНЕ БАРДЫ
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қызылордадағы «Арай» спорттық-сауықтыру кешенін аралап көрді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Кешенде аквапарк, SPA орталығы, балаларға арналған ойын павильоны, коттедж қалашығы, аттракциондарды қамтитын ашық бассейндер, фитнес орталығы, сондай-ақ 500 адамға арналған балалар орталығы бар.
Елбасы облыс жастарымен және балалармен кездесіп, бейресми әңгіме өткізді.