ЕЛБАСЫНЫҢ ЕЛ ДАМУЫНДАҒЫ ҮЛЕСІ АЙРЫҚША АЙТЫЛДЫ
Қазақстан Президентінің атына шетел мемлекеттері мен үкіметтері басшыларынан, өкілді органдардың депутаттарынан, шетелдердің және Қазақстанның мемлекеттік, қоғамдық және іскерлік ұйымдары жетекшілерінен, зиялы қауым мен дін өкілдерінен, дипломатиялық миссия басшыларынан, сондай-ақ, еңбек ұжымдары мен жекелеген азаматтардан кең ауқымды хаттар келіп түсті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Шетел мемлекеттері мен үкіметтері басшыларының құттықтау жеделхаттарында Елбасының тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен қарқынды дамуындағы, елдің халықаралық аренадағы беделін нығайтудағы рөлі мен жас елордамыз Астананың құрылысына қосқан үлесі айрықша аталған.
Қазақстан Президентінің атына Ресей Федерациясының Президенті В.Путиннен, ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннен, АҚШ Президенті Д.Трамптан, Түркия Республикасының Президенті Р.Ердоғаннан, Өзбекстан Республикасының Президенті Ш.Мирзиёевтен, Қырғыз Республикасының Президенті А.Атамбаевтан, Тәжікстан Республикасының Президенті Э.Рахмоннан, Түрікменстан Президенті Г.Бердымұхамедовтен, Беларусь Республикасының Президенті А.Лукашенкодан, Әзербайжан Республикасының Президенті И.Әлиевтен, Армения Республикасының Президенті С.Саргсяннан, Украина Президенті П.Порошенкодан, Сербия Республикасының Президенті А.Вучичтен, Хорватия Республикасының Президенті К.Грабар-Китаровичтен, Италия Республикасының Президенті С.Маттарелладан, Латвия Республикасының Президенті Р.Вейонистен, Ресей Федерациясы Үкіметінің төрағасы Д.Медведевтен және Венгрия Республикасының Премьер-Министрі В.Орбаннан құттықтаулар келді.
Нұрсұлтан Назарбаевтың бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтауға, сондай-ақ, мемлекетаралық деңгейдегі ынтымақтастықты жолға қою үшін қолайлы ахуал жасау ісіне қосқан үлесіне халықаралық және шетелдік ұйымдардың, дипломатиялық миссиялардың басшылары мен өкілдерінің хаттары мен жеделхаттарында жоғары баға берілген. Олардың қатарында ҰҚШҰ бас хатшысы Ю.Хачатуровтың, ТМД атқарушы хатшысы – атқару комитетінің төрағасы С.Лебедевтің, Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Т.Саркисянның, Еуразиялық экономикалық одақтың Іскерлік кеңесінің президенті В.Христенконың, ТМД экономикалық сотының төрағасы Л.Каменкованың, Қазақстан Республикасы Парламентінің ТМД Парламентаралық ассамблеясындағы және ҰҚШҰ Парламенттік ассамблеясындағы өкілі Х.Бакеновтің, Индонезия Республикасының Қазақстандағы елшісі, Астанадағы АСЕАН комитетінің төрағасы Р.Прамононың, Еуропалық парламенттің Орталық Азия елдерімен және Моңғолиямен байланыс жөніндегі делегациясының төрағасы И.Григуленің, АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Д.Кролдың, Болгария индустриялық қауымдастығы төрағасының орынбасары әрі бас хатшысы М.Попованың, Мемлекетаралық авиация комитетінің төрағасы Т.Анодинаның хаттары бар.
«Бүгінде, «Астана ЭКСПО-2017» көр¬месі жұмыс істеп жатқан кезде Рес¬публиканың даму биігі бүкіл әлем¬ге паш етілді, оны Қа¬зақ¬станның жо¬ғары рухани және бекзат ақыл қуа¬тына ие кемеңгер ұлы, Украинада аса құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың айқын¬дап бергені даусыз», – деп атап өтті өз құт¬тық¬тау хатын¬да Бүкіл¬украи¬налық «Украинские летописи» басы¬лымының директоры, бас редакторы Н.Новицкий.
Елбасының өңірдегі ынтымақтастықты нығайтудағы және мемлекетаралық кооперацияны күшейтудегі айрықша еңбегі мемлекет және қоғам қайраткерлерінен, сондай-ақ, Ресей Федерациясының азаматтары мен коммерциялық құрылымдарының өкілдерінен келіп түскен көптеген хаттар мен жеделхаттарда атап өтілген. Бірқатар республикалардың басшылары, атап айтқанда, Татарстан Республикасынан Р.Минниханов, Башқұртстан Республикасынан Р.Хамитов, Дағыстан Республикасынан Р.Абдулатипов, Ингушетия Республикасынан Ю.Евкуров, сондай-ақ, Санкт-Петербург губернаторы Г.Полтавченко, Саратов облысы губернаторының міндетін уақытша атқарушы В.Радаев, Астрахань облысының губернаторы А.Жилкин, Курск облысының губернаторы А.Михайлов, РЛДП-ның (ЛДПР) РФ Федералдық жиналысы Мемлекеттік думасындағы фракциясының жетекшісі В.Жириновский, РФ Федералдық жиналысы Федерация кеңесінің мүшесі Н.Рыжков, РФ Федералдық жиналысы Мемлекеттік думасының депутаты В.Ресин, Мәскеу және Бүкіл Русь патриархы Кирилл, Ингушетияның бұрынғы президенті Р.Аушев, Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының ректоры А.Торкунов, Кәсіподақтардың жалпыға ортақ конфедерациясының бас хатшысы В.Щербаков, «Урал» қайырымдылық қоры кеңесінің төрағасы М.Рахимов, Ресей ғылым академиясының мүшесі, Санкт-Петербургтің бас геронтологі В.Хавинсон, РФ еңбек сіңірген әртісі А.Цой, «Курчатовский институты» ғылыми-зерттеу орталығының құрметті президенті Е.Велихов, «Валерий Гергиев қоры» құрылтайшысы В.Гергиев, сонымен қатар, Мәскеу қаласынан Т.Мансұров, М.Вайншток, Камчатка өлкесі, Елизово селосынан Т.Дугина, Оңтүстік Сахалиннен М.Артюкевич жылы лебізді құттықтауларын жолдады.
Мемлекет басшысының халықаралық саясаттағы жоғары беделі мен жаһандық экономикалық үдерістердегі оның рөлін өздерінің құттықтау хаттарында «Еуразия даму банкі» басқарма төрағасы Д.Панкин, «Транснефть» ӨАҚ вице-президенті В.Рушайло, «ВТБ» банк президенті – басқарма төрағасы А.Костин, кәсіпкер А.Усманов, «Access Industries» ЖШҰ жетекшілері Л.Блаватник және С.Карпухович, «Роснано» ААҚ басқарма төрағасы А.Чубайс, «Газпром» БАҚ басқарма төрағасы А.Миллер, «Автоваз» БАҚ президенті Н.Мор, «Русснефть» ҰК» БАҚ директорлар кеңесінің төрағасы М.Гуцериев, «Сбербанк» БАҚ басқарма төрағасы Г.Греф, «Газпромнефть» БАҚ басқарма төрағасы А.Дюков, «РТЖ» ААҚ президенті О.Белозеров, «КАМАЗ» БАҚ бас директоры С.Когогин, «БПС-Сбербанк» басқарма төрағасы С.Инюшин, «Интер РАО ЕЭС» басқарма төрағасы Б.Ковальчук, «ИТАР-ТАСС» директоры С.Михайлов, «МИР» ХТРК төрағасы Р.Батыршин, «Благотворительный Фонд Помощи Преданным» ЖҚ президенті А.Краснянский, сондай-ақ, «ЭНИ» компаниясының бас атқарушы директоры К.Дескальци атап өтті.
Қазақстанның жас тәуелсіз мемлекетті құру, этносаралық келісім мен саяси тұрақтылықты нығайту, экономикалық өсімнің жоғары қарқынына қол жеткізу, тарихи қысқа мерзімде әлемнің ең серпінді дамушы мемлекеттерінің қатарына кіру ісіндегі таңғажайып жетістіктерін еліміздің азаматтары өздерінің көптеген құттықтауларында атап өтеді. Халықтың барлық әлеуметтік топтарын құрайтын хат авторлары Қазақстан Президентінің жүзеге асырып жатқан экономикалық және саяси бастамаларына бірауыздан қолдау білдіреді және ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің орасан зор табысын айрықша атап өтеді. Елбасына ізгі тілектерін білдірген Астанадан «Халық қаһарманы» М.Алтынбаев, Ж.Ерғалиев, А.Еленов, М.Өтеубаев, Г.Шишов, Т.Қайралапова, М.Сматова, Л.Цедилина, Ж.Әбуова, Л.Завгороднева, В.Яморжина, Е.Ахмеди, Г.Назарова, Н.Келісұлы, Қазақстандағы орыс, казак және славян ұйымдары үйлестіру кеңесінің төрағасы Ю.Захаров, Алматыдан «Қазақстанның Еңбек Ері» А.Миразова, Қазақстанның халық әртістері Е.Хасанғалиев, М.Ахмадиев, Б.Аюханов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері С.Досанов, Б.Хасанғалиев, Ұлы Отан соғысының ардагері С.Жиенбаев, А.Ағыбаев, Е.Тегісбаев, С.Люлина, Т.Қонаева, Г.Жетаева, К.Дәркембаева, Г.Назарова, Колдеевтер отбасы, Ақмола облысынан Б.Ормантаев, Мирамқұлов және Сафоновтар отбасылары, Ақтөбе облысынан М.Маңғазиев, С.Лұқпанов, Ж.Омаров, Алматы облысынан М.Жақашева, Е.Жүнісбеков, Д.Шафхатов, Г.Тұқанова, А.Үсенов, В.Алексеева, К.Рысбаев, А.Сыздықов, А.Нұрқасымова, Л.Гаркуша және Буковтар отбасы, Атырау облысынан Б.Мұсағалиев, С.Нақбаев, Шығыс Қазақстан облысынан О.Қодашев, М.Жақашбаев, Ж.Масалимов, С.Ахметшәріпұлы, Ш.Кенжина, Е.Оразалин, Жамбыл облысынан Б.Апсаматов, А.Дүйсенбекова, Батыс Қазақстан облысынан Орал және Ақтөбе епархиясының архиепископы Антоний, Т.Құбашев, Б.Маниров, Қарағанды облысынан Р.Курепанова, Б.Серіков, Ж.Сәденов, Қостанай облысынан К.Жилин, М.Бертаев, Д.Махмудов, Қызылорда облысынан О.Бірімжанов, Б.Жұмағалиев, Маңғыстау облысынан Р.Переев, С.Әлиев, М.Күркібаев, Павлодар облысының Д.Ақатаев, С.Басқарин, Солтүстік Қазақстан облысынан С.Володин, У.Мұқатаева, Оңтүстік Қазақстан облысынан А.Асан, В.Андрюков, С.Абдуллаева, К.Юсупов, С.Тәшімбетов, Г.Тұрсынбаев, А.Шайманов, Жолдасовтар отбасылары және басқалар жеделхаттарын жолдады.
Сол сияқты, министрліктер мен ведомстволар басшыларының, облыс әкімдерінің, депутаттық және дипломатиялық корпус өкілдерінің, ұлттық компаниялар мен өзге де еліміздегі мемлекеттік мекемелердің, кәсіпорындар мен ұйымдардың жетекшілерінің атынан да көптеген құттықтау хаттар келіп түсті.
Қазақстан Президенті өз атына келіп түскен хаттардың бәрімен мұқият танысып шықты және барлық авторларға құттықтаулары мен жылы тілектері үшін алғысын білдіреді.