ОБЛЫС ЕЛДІМЕКЕНДЕРІНІҢ 75 ПАЙЫЗЫ ОРТАЛЫҚТАНДЫРЫЛҒАН АУЫЗ СУ ЖҮЙЕСІНЕ ҚОСЫЛДЫ
Аймақта «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласын дамыту бағытында нәтижелі жұмыс бар.
«Аймақ тұрғындарының 95 пайызы тұратын облыстағы елдімекендердің 75% орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосылды. Сондай-ақ, соңғы 3 жылда атқарылған жұмыстар нәтижесінде аймақтағы газ тұтынушы тұрғындар үлесі 63 пайызға жетті. Қызылорда қаласы мен 4 аудан орталығы газдандырылды. «Көгілдір отын» Байқоңыр қаласына да жетті»,–деді облыс әкімі Қ. Көшербаев Үкімет басшысының аймаққа жасаған сапарына орай экономиканы модернизациялауға арналған жиында жасаған баяндамасында.
Облыс әкімі Қызылорда қаласы 2015 жылдың желтоқсан айынан бастап Қызылжарма жерасты су қоймасына көшірілгенін атап өтті. Қаланы сумен қамту үшін 57 ұңғыма қазылды.
Облыс орталығында тұрғындар санының өсуіне байланысты Сырдарияның сол жақ жағалауын игеру бастамасы қолға алынды. Осыған орай қазір он сегіз көпқабатты үйден тұратын алғашқы шағын аудан мен балабақшаның, жастарға қызмет көрсету орталығының, «Болашақ» университеті студенттері қалашығының құрылысы басталып кетті.