ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ БАҚЫТЖАН САҒЫНТАЕВ МЕДИЦИНАЛЫҚ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫ ЖАҢҒЫРТУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖАЛҒАСТЫРУДЫ ТАПСЫРДЫ
Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев ұсынылатын қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыру мақсатымен медициналық инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстарын жалғастыруды тапсырды.
ҚР денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың мәліметі бойынша, 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы аясында ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытудың Бірыңғай перспективалық жоспарын әзірлеп жатыр.
Медициналық ұйымдардың желісі Денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытудың Бірыңғай перспективалық жоспары негізінде жүйеленеді. Алғашқы медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру, инфрақұрылымды жаңғырту, медициналық ұйымдардың менеджментін жақсарту, инвестициялар тарту және жеке сектордың үлесін ұлғайту, денсаулық сақтау жүйесінің сапасы мен экономикалық тиімділігін арттыру көзделген.
Отырыста Дүниежүзілік банктің Қазақстандағы тұрақты өкілі А. Браун, Азия даму банкінің Қазақстандағы өкілдігінің директоры Дж. Капаннелли, сондай-ақ Алматы облысының әкімі А. Баталов аталған бағыт бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндамаларымен таныстырды.